Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»


«Сұрақ – жауапқа құрылған хат»



Pdf көрінісі
бет64/77
Дата15.11.2022
өлшемі1,72 Mb.
#50200
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ

«Сұрақ – жауапқа құрылған хат» 
Бұл ойынды итальян жазушысы Дж. Родари ойлап тапқан. 
Ойынның шарты: Алты оқушыға алты түрлі сұрақ беріледі.
Бірінші сұрақ: “Кім? Не?” (яғни бір оқушы зат есімнен сөз жазады) 
Екінші сұрақ: “Қай жерде?” (яғни жатыс септігіндегі тұрған кез келген сөзді 
жазады)
Үшінші сұрақ: “Не істеді?” (оны үшінші оқушы жазады) 
Төртінші сұрақ: “Ол не айтты?” (бұл сөйлем төл сөз арқылы жазылады) 
Бесінші сұрақ: “Адамдар не деді?” (бұл сөйлем де төл сөз арқылы жазылады) 
Алтыншы сұрақ: “Оқиға немен тынды?” (1-оқушының зат есімін көріп,
қорытынды жазады) 
Бір қызығы әр оқушы қандай сұрақ берілгенін білсе де, басқалардың 
сұрағы мен жауабын білмейді. Сондықтан қызықты мәтін құрастырылады.
Мысалы: 
а) Құмырсқа 
Қонақта 
Топырақ жеді 
Ол айтты: “Мен бақыттымын” 
Адамдар: “Ғұмырың ұзақ болсын”, – деді. 
Құмырсқа жарылып өлді. 
ә) Шегіртке 
Мектепте 
Доп тепті. 
Ол айтты: “Мен кетемін” 
Адамдар: “Біз де кетеміз”, – деді. 
Шегіртке сылқ – сылқ күлді. 


83 
 «Сұрақ-жауаппен қатынас» 
 
Әр оқушыға сұрақ дайындап, сабақ уақытында параққа жазу керектігі 
туралы тапсырма беріледі. Содан соң осы парақтар бір оқушыдан екіншісіне 
кезекпен беріліп отырады. Сұраққа жауап бергісі келгендер жауапты алдыңғы 
оқушының жазған жауабының астына жазады. Егер сұраққа жауап бергісі 
келмесе, парақты жауапсыз келесі оқушыға береді.
 
«Сұрақтар шеңбері» 
Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушылар төрт 
немесе бес адамнан шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт
беріңіз. Сосын талқылауды бастаңыздар, әр оқушы үш минут (немесе басқа 
уақыт ) үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. 
Барлығы айтарын айтып болғаннан кейін шағын топ үшін және ортақ талқылау 
үшін тақырыпты ашыңыз. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып 
кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар жаңа идеялар 
келтірмеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет