79
«SMART (ақылды мақсат)»
S - нақты,
M - өлшемді, A - қолжетімді,
R - шындыққа негізделген,T -
уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп
жүргізілуі шарт.
«SMS – хабарлама»
Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан
SMS хабарлама
жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе
аяқталған нұсқасы болуы қажет.
«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»;
«Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»;
«Мен өзімді....үшін мақтар едім»;
«Маған ерекше ұнағаны....»;
«Сабақтан соң мен... жасағым келді»;
«Мен... туралы армандаймын»;
«Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»;
«Мен... орындадым»;
«...қызықты болды»;
«...қиын болды»;
«...мен түсіндім»;
«Енді мен ...»;
«...сезіндім»;
«Мен үйрендім»;
«Мені... таңқалдырды» және т.б.
«Соңғы сөзді мен айтайын»
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты
бір немесе бірнеше дәйексөз табады.
2-қадам: Оқушылар
дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен,
қайдан
алғанын белгілеп қояды.
3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін
жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз
еріктері.
4-қадам: Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады.
5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз
көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы –
пікірталастың бағытын ұстап
80
тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім
де өз түсінігін беруіне болады.
6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді
оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы
жерде пікірталас аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: