Вестник КазНУ. Серия филологическая. №2(136). 2012 қазақ даласы ұмытқан жоқ. Өлеңдегі белгілі



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата15.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#50272
  1   2   3   4
Байланысты:
722-1-1393-1-10-20150930



213 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
қазақ даласы ұмытқан жоқ. Өлеңдегі белгілі 
сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ дала-
сының күшті санасы болып, арқаның қоңыр же-
лімен бірге есіп, шалқып жатыр» [5]. Болашақ 
ұлы жазушы ақын поязиясындағы азатшылдық 
идеяны көтерген жолдардың ұшқыннан жа-
лынға айналар асылдықты таныған еді. 
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі 
қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды 
рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық 
мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның 
туын көтерген, жұртшылықтың санасына демо-
кратиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұм-
тылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зер-
десіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топ-
тың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы екен-
дігіне зәредей күмән болмауға тиіс. Қазақ әде-
биеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімі-
нің атасы, ұлы реформатор атанған ол өзінің 
алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағар-
тушылық, демократтық бағыттарын жалғас-
тыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы 
қауымның төлбасына айналды. 
Қазақтың басына түскен қиын да қилы ал-
мағайып заманда ұлтқа бас болу – Ахмет Бай-
тұрсынұлының маңдайына бұйырған киелі іс. 
Оның мамандығы қарапайым оқытушылық 
бола тұрып, саяси өмірге араласуына түрткі 
болған – қаза халқының өз Отанында отырып,
бұратананың күйін кешуі еді. Атамекенінде
отырып өзінің тіліне, діліне, дініне, жеріне
иелік ете алмаған жұртының аянышты ахуалы, 
Ахметті және оның айналасына шоғырланған 
қазақ оқығандарын саясат-сахнасына күрескер 
етіп шығарды. Ұлы қайраткер ретінде Ахмет 
Байтұрсынұлы шығармашылығымен де, қоғам-
дық қызметімен де ұлтына адал қызмет етті. 
Әдебиеттер: 
1. Байтұрсынұлы А. Қырық мысал: Өлеңдер. – 
Алматы: Жазушы, 2002. – 119 б. 
2. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, 
аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 
1989. – 320 б. 
3. Мамыткеліні Амина. Көркем әдебиет ту-
ралы//Қызыл Қазақстан. – 1927. – №5-7. – 
49-66 бб. 
4. Сейфуллин С. Ахмет Байтұрсынұлы елуге 
толды // Еңбекші қазақ. – 1923. – 31 қаңтар. 
5. Әуезов М. Ахаңның елу жылдық мерейтойы 
// Жалын. – Алматы, 2009. – 9 маусым, №9. – 
96 б. 
6. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азат-
тық идея. – Алматы: Қазақ университеті, 
2007. – 325 б.
* * * 
В этой статье рассматривается тема независимости в 
поэзии Ахмета Байтурсынова. 
* * * 
The subject of Independence idea manifestation of 
Akhmet Baytursynov’s poetry are considered in this article. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет