М.Б.Шындалиева
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ,
Қазақстан
В
этой статье рассматривается художественность
очеркового жанра в
журнале «Айкап». В нем публиковались произведения очеркового жанра на
темы экономического и социально-общественного состояния, литературы,
культуры, традиций, нравов казахского народа. Материалы Б.Мендибекова,
Х.Габдижанова, М.Сералина, М.Кашимова, И.Арабаева,
опубликованные в
жанре очерка в активном издании в начале ХХ века, раскрывают
злободневные проблемы и вносят лепту в создании общественного мнения в
то время.
This article considers the artistry of the essay genre in the journal "Aikap."
The essays on the theme of economic and social state of society, literature, culture,
traditions and customs of the Kazakh nation were published in it. Materials of
B.Mendibekov, H.Gabdizhanov, M.Seralin, M.Kashimov, I.Arabayev that were
published in essay genre in the beginning of the XX
century disclose relevant
issues and make the contribution in creating public opinion in that time.
“АЙҚАП” ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ОЧЕРКТІҢ КӨРКЕМДІГІ
Кӛркем әдебиеттің жанры ретінде де, публицистиканың жанры ретінде
де очерктің тӛл қасиеті деп, оның дерекшілдігін (документальность,
подлинность) атап ӛткен жӛн. Бұл ретте, очерктің
белгі-нышандарын жазу
мәдениеті орныққан кез келген тарихи-әлеуметтік ортадан шырамытуға
болады. Ӛйткені, жазу атаулы - ой-дерек кӛрінісі. Ал, ой-дерек болса, белгілі
бір әлеуметтік ортаның болмысын танытуға негізделеді [1:16]. Олай болса,
әлеуметтік ӛмір кӛріністерін тәптіштеп таңбалаған Шумердің сына
жазуларынан бастап, байырғы түркілердің эпикалық сарынға толы тасқашау
жазуларына дейін, ортағасырдағы жылнамашыл жазбалардан бастап, бүгінгі
жазбалардағы
жаңалықтар тасқынына дейін, баршасынан нақтылы бір
әлеуметтік ортаның айғақ-дерегін табуға болады. Бұл тұрғыдан келгенде
очерк жанрының бастау тегін (генезис) тым-тым байырғы замандағы жазба
жәдігерліктермен сабақтастырып зерттеудің де қисыны бар. Әрине, бұл
мәселе - ӛз алдына бӛлек арна тартатын ғылыми ізденіс саласы. Оның үстіне,
очерк жанрының бүгінгі
қалыптасқан болмысы, мағыналық қасиеті және
категориялық сипаты ӛзінің жанрлық табиғатына жауап беретін материалдар
тӛңірегінде ғана ой ӛрбітуді қажет етеді. Ал, очерк жанрының бүгінгі
қалыптасқан болмысы ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысындағы қоғамдық
қатынастардың алмасу кезеңімен тұспа-тұс келеді деп айтуға болады. Осы
мәселелердің бәрін айқындауға арналған зерттеу тақырыбының ӛзектілігі мен
зәрулігі талас туғызбаса керек.
“Айқап”
журналында басылған қазақ халқының саяси ӛмірі, мәдениет,
әдебиет, тарихы туралы очерктерге тоқталу барысында кӛз жеткені - әртүрлі
дерек кӛздерінің құндылығы. Бұлар ғылыми, тарихи,
әдеби зерттеуді талап
ететін мол материалдардың тасқыны екені даусыз. Ұлттық әдебиет пен
тарихта орны бар авторлардың очерктік шығармаларына тоқтала отырып, қай
мәселе тӛңірегінде әңгіме қозғаса да бай мағлұмат беретін материалдар
баршылық. “Айқап”