СЕНІМ ЖƏНЕ ҚАТЫНАС. Адам іс-əрекет пен меңгерудің
арқасында сенім мен қатынасқа ие болады. Олар өз кезегінде сатып
алушының мінез-құлқына əсер етеді.
Сенім — тұлғаның бір нəрсеге беретін ойша сипаттамасы.
Сенім нақты білімге, ойға жəне сенімге негізделеді. Олар
эмоциялық қуатпен қатар жүруі немесе жүрмеуі мүмкін.
Өндірушілерді адамдардың нақты тауар мен қызметке қатысты
сенімі қызықтыратыны түсінікті. Тауарлар мен маркалардың
бейнесі осы сенімдерден құралады. Адамдар іс-əрекеттерді осы
сенімдерге сүйеніп жасайды. Егер қандай да бір сенім дұрыс
болмаса жəне сатып алуға бөгет жасаса, өндірушіге оларды түзеу
бойынша тиісті кампания өткізу қажет.
Қатынас — тұлғаның ықтимал іс-əрекетінің бағыты мен оларға
деген сезімді байқайтын қандай да бір нысанға немесе идеяға
қатысты, өзіндегі білімге негізделіп қалыптасатын жағымды
немесе жағымсыз бағасы.
Қатынас тұлғаға өзін бір-біріне ұқсас нысандарға байланысты
салыстырмалы түрде тұрақты ұстауға мүмкіндік береді. Адам бір
нəрсені жаңадан қабылдап, əр жолы жаңаша қарамайды. Қатынас
физикалық жəне ақыл-ой қуатын үнемдеуге көмектеседі. Тап осы
себептен олар өзгеріске қиындықпен ұшырайды. Тұлғаның əртүрлі
қатынасы бір элементтің өзгеруі бірқатар басқаларының күрделі
қайта құрылуын талап ететін, қисынды байланысқан құрылымын
қалыптастырады.
Сондықтан, қалыптасқан қатынастарды өзгерткеннен гөрі,
тауарларды сол қатынастардың аясында шығарған дұрыс.
Тұлғаның таңдауы мəдени, əлеуметтік, жеке жəне психологиялық
сипаттағы күрделі өзара қатынастың нəтижесі болып табылады.
Бұл факторлардың көпшілігі нарық қызметкерінің ықпалына
берілмейді. Алайда, олар тауарға жоғары қызығушылық танытқан
сатып алушыны анықтауға пайдалы болып табылады. Қалған
факторлар нарық қызметкерінің ықпалына ұшырайды жəне оған
тұтынушының айтарлықтай мықты жауапты реакциясын туындату
үшін, тауарды қалай жасау керектігін, бағасын, таралымын жəне
өтуін үдетуді білуге көмектеседі.