Әлемді рухани-тәжірибелік тұрғыда меңгеру



Дата15.12.2023
өлшемі14,23 Kb.
#138999

Дін философиясы
Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады. Антикалық философияда дінге берген анықтамада, дінді бір «абсолютке» элемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады.
Мұндай «абсолют» немесе «жоғарғы идеялар» элемнің негізі ретінде қарастырылады, олар қүдіретті күш емес, оларға бас ию, қүрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғы болмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», «мэңгілік себеп» жэне дүниенің даму үрдісінің мақсаты.
Философтардың идеалистік топтары (олар да «рбір салаларға бөлініп кетеді), дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың көрнекті философы И.Кантқа (1724-1804) тоқталып өтейік.
Ол Құдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды сынай отырып, Құдайдын болмысын моральдық принциптерге теңейді. Құдай туралы Кант былай дейді: … Құдай құбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Құдай туралы мәселе — діннің ісі. Біз Құдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер, өнегелілік сезімдер, Құдайдың барлығын дәлелдеуге даяр түрады.
Гегель (1770-1831): Құдайды абсолюттік идеямен, абсолюттік рухпен теңеп: «барлық нәрсе соларді-шығып, соларға қайта оралады», — деді. Діни көзқарас төменгі сана, ал философия болса, биік сана деп түсіндіреді.
Материалистік философияда дін жеке адамның және қоғамның өмірінің күрделі рухани қүбылысы есебінде қарастырылады. Оларды топтап көрсетсек, мынадай негізгі аспектілерін көреміз:
— дін дегеніміз — жеке адамның,ұжымның, қоғамның рухани өмірінің аймағы;
— әлемді рухани-тәжірибелік тұрғыда меңгеру;
— рухани өндіріс аймағы;
қоғам санасының бір формасы, идеялық жемісі мен формасы.
Ғылыми көзқарас бойынша, дін философияның бөлігі ретінде қарастыруға болатындығы. Дін және философия, әмбебаптық, дүниетанымдық мәселермен айналысуында. Дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырамыз. Дін мәдениетке ұксап, адам мәселесін, адамды тәрбиелеу мәселесін өзінің негізгі мәселесі деп есептейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет