А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет9/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

1.6.1. сурет. Қазіргі заманғы экономикадағы айырбас құрылымы
Кез келген фирма нарықпен байланыс жасау арқылы іс-ки-
мыл жасайды: оған бұйымдар жеткізеді, қызметтер көрсетеді, 
тұтынушыларды сəйкес ақпараттармен қамтамасыз етеді (тұтыну-
шылық қасиеттері, сату орны, кепілдік). Нарықтан фирма ақша мен 
ақпарат алады (сату көлемі мен қарқыны, тауарлар, бəсекелестер 
туралы мəліметтер жəне т.б.). Осылайша, біртұтас əрекет ететін 
тұйық жүйе қалыптасады. 
Бұған қоса, фирмалар шикізатпен жабдықтаушыларға, 
бұйымдарды құрастыратын, əртүрлі директивті органдардың 
нұсқауларына қатысты үзбені қабылдайтын тағы бір тұйық 
жүйе бар. Фирма осы материалдық, қаржылық жəне ақпараттық 
«жолдаулардың» тасқынына жауап ретінде ақпараттар мен ақшаны 
бағыттайды. 
Нəтижесінде, фирма маркетинг теориясында сыртқы орта деп 
аталатын ортамен тығыз байланысқа түседі. Сыртқы ортаның 
шарттарына — қолданыстағы жəне дайындалып жатқан заңдарды, 
жалпы экономикалық жағдайды, саяси ахуалды, ғылыми-техни-
калық жетістіктер жəне қолданыстағы патенттерді, мəдени, басқа 
да дəстүрлерді жатқызуға болады. 
Фирманың ішкі ортасы (микроорта) дегеніміз — фирманың өзіне 
жəне оның клиенттерге қызмет көрсету бойынша мүмкіндіктеріне, 
яғни жабдықтаушыларға, маркетинг делдалдарына, клиенттерге, 
бəсекелестерге, байланыс аудиторияларына тікелей қатысты 
күштерді білдіреді.
1.6.2. сурет. Фирманың сыртқы ортасы (микроорта)
Ресурстар 
нарығы
Мемлекет 
нарығы
Делдалдар 
нарығы
Өндірушілер 
нарығы
Тұтынушылар 
нарығы
Ресурстар
Ресурстар
Ақшалар
Ақшалар
Ақшалар
Ақшалар
Салықтар,
тауарлар
Салықтар,
тауарлар
Салықтар,
тауарлар
Қызметтер,
ақшалар
Қызметтер,
ақшалар
Қызметтер,
ақшалар
Салықтар
Қызметтер
Тауарлар, қызметтер
Тауарлар, қызметтер
Демография
Эк
оно
мик
а
Т
абиғи
т
ала
пт
ар
Ғылым
жəне
те
хник
а
Саяс
ат
Мəдениет


18
19
Ішкі ортаға фирманың тауар сатылымын анықтайтын тұты-
нушылардың демографиялық сипаттамалары, бəсекелестер, дел-
далдар, қаржылық мекемелер, қоғамдық пікірді зерттейтін жарнама 
агенттіктері мен фирмалар, кедендік жəне басқа да үкіметтік ор-
гандар кіреді (1.6.3. сурет). 
1.6.3. сурет. Фирманың ішкі ортасы (макроорта)
Ішкі ортаға фирманың басқаруды, жаңа тауарларды жасау 
мен сынақтан өткізуді, сериялы өндірісті, тауарларды сатып 
алушыларға жылжытуды, сатуды, қызмет көрсетуді, қосалқы 
бөлшектермен жабдықтауды, қызметкерлерді оқытуды, шикізат-
пен, материалдармен, т.б. жабдықтаушылармен, сондай-ақ қаржы-
лық жəне өзге сыртқы органдармен қарым-қатынасты қамтамасыз 
ететін функционалдық құрылымдары жатады. Ішкі орта түсінігіне, 
сонымен қатар кадрлардың біліктілігін арттыру, оларды дұрыс 
қолдану, ақпараттың басқарудың жоғарғы қабатынан төменге 
берілуі жəне керісінше, құрылымның нарықтық жағдайы мен 
жалпы сыртқы ортаның өзгеруіне қатысты икемділігі кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет