18
19
Ішкі ортаға фирманың тауар сатылымын анықтайтын тұты-
нушылардың демографиялық сипаттамалары, бəсекелестер, дел-
далдар, қаржылық мекемелер, қоғамдық пікірді зерттейтін жарнама
агенттіктері мен фирмалар, кедендік жəне басқа да үкіметтік ор-
гандар кіреді (1.6.3. сурет).
1.6.3. сурет. Фирманың ішкі ортасы (макроорта)
Ішкі ортаға фирманың басқаруды, жаңа тауарларды жасау
мен сынақтан өткізуді, сериялы өндірісті, тауарларды сатып
алушыларға жылжытуды, сатуды, қызмет көрсетуді, қосалқы
бөлшектермен жабдықтауды, қызметкерлерді оқытуды, шикізат-
пен, материалдармен, т.б. жабдықтаушылармен, сондай-ақ қаржы-
лық жəне өзге сыртқы органдармен қарым-қатынасты қамтамасыз
ететін функционалдық құрылымдары жатады. Ішкі орта түсінігіне,
сонымен қатар кадрлардың біліктілігін арттыру, оларды дұрыс
қолдану, ақпараттың басқарудың жоғарғы қабатынан төменге
берілуі жəне керісінше, құрылымның нарықтық жағдайы мен
жалпы сыртқы ортаның өзгеруіне қатысты икемділігі кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: