152
153
Экономиканың бірқатар салаларында мамандандырылған
меншікті көтерме сауда ұйымдары бар. Ауылшаруашылығы
өнімдерін сатып алушы көтерме саудагерлер өнімді фермерлерден
сатып алады жəне өнімдерді тағам өнеркəсібі, нан зауыттары,
наубайханаларға жəне мемлекеттік мекемелердің атынан сатып
алушыларға жіберу үшін ірі партиялармен жинайды.
Көтерме сауда мұнай базалары мұнай өнімдерін май құю
стансаларына, бөлшек саудадағы басқа да кəсіпорындарға жəне
іскер кəсіпорындарға сатып, жеткізіп береді. Аукционшы-көтерме
саудагерлер тұтынушылар тауарды сатып алғанға дейін көргенді
қалайтын қызмет салаларында үлкен рөл атқарады. Мəселен, бұл
темекі жəне мал нарығы.
6.3.6. Көтерме саудагерлердің маркетингтік шешімдері
Көтерме саудагерлер мақсатты нарықты таңдауға, тауар
ассортиментін қалыптастыруға, қызметтер кешеніне, баға қалып-
тастыруға, ынталандыруға, кəсіпорынның орналасатын жерін
таңдауға қатысты болатын маркетингтік шешімдерді қабылдауға
тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: