А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет90/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

6.3.4. Брокерлер мен агенттер 
Агенттер мен брокерлер көтерме саудагерлерден екі көрсеткіш 
бойынша ерекшеленеді: тауарға меншік құқығын алмайды жəне 
шектеулі қызметтерді ғана атқарады. Олардың негізгі қызметі
— сатып алу жəне сатуға көмектесу. Олар өз қызметтері үшін 
тауардың сатылу бағасының 2—6 %-ы көлемінде сыйақы алады. 
Олар көтерме саудагерлер секілді ұсынылған тауар ассортиментінің 
түрі немесе өздері қызмет көрсететін клиенттердің түрі бойынша 
маманданады. 
Брокерлер. Брокердің негізгі міндеті сатып алушыларды 
сатушылармен жолықтырып, оларға келісімге келуге көмектесу. 
Брокерге оны осы іске тартқан адам ақша төлейді. Брокер тауар 


150
151
қорларын сақтамайды, келісімді қаржыландыруға қатыспайды, өз 
мойнына ешқандай тəуекел алмайды. Осыған қатысты ең қарапайым 
мысал ретінде тағам өнімдерімен, жылжымайтын мүлікпен опе-
рациялар бойынша брокерлерді, сақтандыру брокерлерін, құнды 
қағаздармен операциялар бойынша брокерлерді келтіруге болады.
Агенттер. Агенттер айтарлықтай ұзақ мерзім бойы сатып 
алушыға немесе сатушыға өкілдік етеді. Олардың бірнеше түрлері 
бар. 
Өндірушілердің агенттері (оларды өндірушілердің өкілдері деп 
те атайды) сан жағынан барлық басқа көтерме сауда агенттерінен 
асып түседі. Олар бір-бірін тауармен толықтыратын екі немесе одан 
да көп өндірушілерге өкілдік етеді. Брокер əрбір жеке өндірушімен 
баға саясатына қатысты, қызметтің аумақтық шекарасы, тапсы-
рыстарды өткізу рəсімдері, тауарды жеткізу бойынша қызметтер, 
осы тауарларға берілетін кепілдіктер жəне комиссиялық төлемнің 
мөлшерлемесіне байланысты ресми жазбаша келісімдер жасайды. 
Ол əрбір өндірушінің тауар ассортиментімен жақсы таныс жəне 
өзінің сатып алушылармен ауқымды байланысына сүйеніп, 
тауардың өткізілуін ұйымдастырады. Өндіруші фирма агенттерінің 
қызметіне жиһаз, киім, электр тауарларын сату кезінде жүгінеді. 
Көптеген агенттер бар болғаны тамаша сатушылар болып табылатын 
бірнеше қызметкері бар ұсақ коммерциялық кəсіпорындар ретінде 
кездеседі. Оларды қол астында коммивояжерлер штатын ұстауға 
шамасы келмейтін ұсақ кəсіпкерлер, сонымен қатар агенттердің 
көмегімен жаңа аумақтарға енуді немесе штаттағы комивоя-
жерлерді ұстау тиімсіз болып саналатын аумақтарға танылуды 
қалайтын ірі өндірістік фирмалар жалдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет