18
жататын су объектілеріндегі судың құрамы мен қасиеттері су ағысынан 1 км
жоғары орналасқан жəне жақын су пайдалану пунктіне 1 км радиуста
орналасқан бақылау нүктесіндегі нормаға сəйкес болуы керек. Шаруашылық
мақсатындағы су қоймаларындағы судың сапасы
ағыс бар кезде ағынды суды
төгетін жерде, ағыс жоқ кезде су төгілетін жерден 500 м қашықтықта
тағайындалған нормадан аспауы қажет.
Су сапасы төмендегі параметрлер бойынша жүзеге асырылады:
жүзгіндердің жəне қалқып жүрген заттардың құрамы, исі, дəмі, түсі, судың
температурасы, рН мəні, оттектің мөлшері, органикалық заттардың құрамы,
зиянды жəне улы заттардың концентрациясы.
Құрамы жəне əсер ету сипаты бойынша, зиянды жəне улы заттар лимитті
зияндылық көрсеткіштері (ЛЗК) бойынша нормаланады. ЛЗК – берілген
заттардың тигізетін ең үлкен кері əсері. Ауыз су жəне мəдени-тұрмыс мақсаты
үшін пайдаланылатын су қоймаларындағы судың сапасын бағалау үшін үш
түрлі ЛЗК қолданылады:
санитарлық-токсикологиялық, жалпысанитарлық
жəне балық шаруашылығының лимитті зиянды көрсеткіші.
Егер судың құрамы мен қасиеттері аталған
көрсеткіштердің бірде бірі
бойынша тағайындалған нормативтен, ал су құрамындағы зиянды заттардың
мөлшері шектелген рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) аспаса су таза деп
есептеледі. Суда ЛЗК бірдей бірнеше заттар болса, онда
олардың
концентрацияларының қосындысының сəйкес ШРК-ға қатынасы бірден аспауы
керек:
∑ С
i
/ШРК
i
≤ 1
Мұндағы С
1
, С
2
, ... С
i
– су қоймасындағы зиянды заттардың
концентрациясы; ШРКi – сəйкес зиянды заттардың шектелген рұқсат етілген
концентрациясы, мг/л; n – ЛЗК бірдей заттардың саны.
Қазіргі кезде ауыз су жəне мəдени-тұрмыс мақсатындағы су қоймалары
үшін 1625, балық шаруашылығы мақсатындағы су қоймаларына 1050-ден
астам зиянды заттарға ШРК тағайындалған.
Су сапасын бағалау жекелеген көрсеткіштердің мəндерін нормативтік
көрсеткіштермен салыстыруға негізделген. Табиғи
сулардың құрамының
күрделілігіне жəне алуан түрлілігіне байланысты, сондай-ақ ластаушы
заттардың мөлшерінің өсуіне байланысты, осындау бағалар су объектісінің
қосынды ластануы туралы толық түсінік бермейді. Осы
кемшіліктерді жою
үшін, жер үсті суларының ластануын комплексті бағалау əдістері жасалған, ол
екі топқа бөлінеді.
Бірінші
топқа, су
сапасын
геохимиялық, гидрофизикалық,
гидробиологиялық, микробиологиялық көрсеткіштердің жиынтығы арқылы
бағалауға мүмкіндік беретін əдістер жатады. Су, сапасы бойынша əр түрлі
ластану дəрежесі бар кластарға бөлінеді. Алайда бұл əдістің кемшілігі, судың
бір түрлі жағдайының өзінде, əр түрлі көрсеткіштер бойынша əр түрлі класқа
жатуы мүмкін.
Екінші топқа, негізгі көрсеткіштер жəне су қоймаларын пайдалану түріне
байланысты
анықталатын, су сапасының жалпыланған сандық сипаттамасына
19
негізделген əдістер жатады. Осындай сипаттамаларға су сапасының индекстері,
ластану коэффициеттері жатады.
Гидрохимиялық практикада Гидрохимиялық институтта жасалған, су
сапасын бағалау əдістері қолданылады. Судың ластану деңгейін судағы
ластаушы заттардың жиынтығына жəне оларды анықтау жиілігінің
қосындысына негізделген бұл əдіс, су сапасы
туралы толық баға беруге
мүмкіндік береді.
Əдістің мəні мынада. Əрбір ингредиент үшін нақты концентрация
негізінде ШРК-дан асып кету балын - К
i
есептейді; асып кету жағдайының
қайталануы - Н
i
, сондай-ақ жалпы бағалау балы – В
i
.
Достарыңызбен бөлісу: