Керейбаева Гүлсара Хабиболлақызы



Pdf көрінісі
бет20/59
Дата16.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#50610
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери

Ауаны механикалық дипергирлеу арқылы жүретін флотация. Ауаны
механикалық дипергирлеу арқылы жүретін флотация қондырғыларына


40
флотациялық импеллерлік, қысымсыз жəне пневматикалық флотация
қондырғылары жатады.
Флотациялық импеллерлік қондырғыларда ағынды суды импеллер арқылы
интенсивті араластырады, импеллер сорылған ауа ағынын белгілі бір
размерлері бар жеке көпіршіктерге бөледі. Импеллерде араластырылған ауа мен
су қоспасы статор арқылы шығарылады, оның айналасында орналасқан тордан
өтеді, осы кезде ауа көпіршіктерінің размерлері ластаушы заттармен контакт
кезінде көбік түзіп, судың бетіне қалқып шығатындай етіп кішірейеді. Көбік
көбікті жинағышпен (əдетте қалақты көбік жинағышпен) бөліп алынады.
Ағынды суларды тазарту практикасында екі камералы тура ағатын, Механобр
институты (Санкт-Петербург) конструкциясының флотациялық қондырғылар
кеңінен таралған.
Импеллерлі қондырғылардың кемшілігі көбік көп мөлшерде түзіледі, бұл
көбікті өңдеу процесін жəне бүкіл тазарту процесін қиындатады.
Қысымсыз 
флотациялық 
қондырғыларды 
қолданған 
кезде, ауа
көпіршіктері центробежді насостың жұмыс дөңгелегінің əсерінен түзіледі.
Қысымсыз флотациялық қондырғының схемасы қысымды флотация
қондырғысына өте ұқсайды, айырмашылығы сатураторы бар, жəне түзілетін ауа
көпіршіктері ірілеу. Сондықтан бұл əдіс судың құрамындағы ұсақ
бөлшектелген ластаушы заттарды бөліп алуға ұсынылмайды. Бұл əдіс ағынды
суларды майлардан жəне талшықты ластаушы заттардан тазартуға тиімді.
Қысымды флотация қондырғылары құрамында агрессивті ластаушы заттар
(насосты, арматураларды тез істен шығаратын, жəне т.б.) бар ағынды суларды
тазартуға қолданылмайды.
Саңылаулы материалдар арқылы ауа беру арқылы жүретін флотация. Бұл
əдісте флотациялық қондырғығыға ауаны камераның түбінде орналастырылған,
əр түрлі саңылаулы пластиналар, тесіктері бар құбырлар, толықтырғыштар
жəне басқа да барботажды қондырғылар арқылы береді.
Көрсетілген технологиялық процестің негізгі параметрлері мынадай: ауа
шығатын тесіктердің мөлшері – 4 – 20 мкм, флотация ұзақтығы – 20-30 минут,
өңделетін ағынды судың жұмыс деңгейі 1,5-2м.
Флотация камерасында көбіктердің көтерілу жылдамдығы олардың
размерлеріне байланысты. Камерадағы ауа шығыны эксперимент жүзінде
анықталады. Берілген əдістің жетістігі оның қарапайымдылығында жəне
процесті жүргізу үшін энергия шығыны аз кетеді. Ал негізгі кемшіліктеріне
ауаны диспергирлейтін қондырғының бітеліп қалу ықтималдығы үлкен,
саңылаулы материалдарды (саңылаулары бірдей немесе бірдейге жақын)
таңдап алу қиын.
Химиялық, биологиялық жəне иондық флотация. Химиялық флотация əдісі
көпіршіктері өздеріне ластаушы заттарды жабыстырып жəне көбікті қабатқа
алып шығатын газдар (О
2
, СО
2
, С1
2
жəне т.б. газдар) бөлінуі арқылы жүретін
реакцияларға негізделген. Құрамында ластаушы бөлшектері бар көбік, судың
бетінен шламқабылдағышқа шығарылады. Биологиялық флотация əдісін
тұрмыстық ағынды суларды тазарту кезінде түзілген тұнбаны тығыздау үшін
қолданады. Көрсетілген тұнбаларды 35-55
0
С-ға дейін жылытып, осы


41
температурада бірнеше тəулік бойы ұстайды. Өңделетін тұнбаларға
микроорганизмдердің əсерінің нəтижесінде, тұнба бөлшектерін көбікті қабатқа
щығаратын газ көпіршіктері бөлінеді. Бұл тұнбаны сусыздандыруға,
тығыздауға мүмкіндік береді, тұнбаны ары қарай өңдеуге – механикалық
сусыздандыру, ащыту, термиялық кептіру жəне жағуға жұмсалатын
шығындардың мөлшерін азайтады.
Иондық флотация əдісі ағынды судан Мо, W, V жəне т.б. металдарды бөліп
алу үшін қолданылады.
Əдістің мəні ағынды суларға, бөлініп шығарылатын металдарға суды
жұқтырмайтын жəне ластаушы заттарды көбік қабатына алып шығатын ауа
көбіршіктеріне жабысу қасиеттерін беретін, беттік активті заттар (жинағыштар)
енгізуде. Көбікті флотациялық камерадан шығарады да, ондағы бөлініп
алынған металдардың концентрленген катиондарын бөліп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет