14
№106. Жазылуында екі бір цифры және екі нӛл цифры болатын неше
тӛрттаңбалы сан бар?
№107. Сан тізбегін жалғастыр:
1, 11, 21,1112, 3112, 211213, 312213, 212223, 114213, ...
№108. Тақтада тӛрт сан жазылып тұр. Оларды барлық мүмкін тәсілмен
екіден жұптап қосқанда, мына сандар шықты: 2, 4, 9, 9, 14, 16. Тақтада қандай
сандар жазылған?
№109. Егер тәуліктің аяғына дейін ӛткен уақыттың 3/5 бӛлігі қалса, қазір
сағат қанша?
№110. Дәптер мен кітапша бірге 80 теңге тұрады. Кітапша пен қарындаш
бірге 60 теңге тұрады, ал дәптер мен қарындаш бірге 64 теңге тұрады. Әр зат
жеке қанша теңге тұрады?
№111. Ванна суық сумен 6 мин 40 секундта, ал ыстық сумен 8 минутта
толады. Сонымен қатар, егер толы ваннаның тығынын суырып алса, су 13 мин
20 секундта ағып кетеді. Екі кранды қатар ашып қойып, ваннаны
тығындамайтын болса, ваннаны толтыруға қанша уақыт қажет?
№112.Ребусты шешіңіз: + Б
БЕЕЕ
МУУУ
№113. Қойлар мен тауықтардың бастарының саны 17, ал аяқтарының
саны 44. Қанша қой мен қанша тауық екенін табыңдар.
№114. Сан тізбегін жалғастыр:101; 112; 131; 415; 161; 718; 192; 021; 222;
324; …..
№115. Шегіртке 1 см, 3 см және 5 см ұзындыққа секіре алады. Ол 7 рет
секіріп 28 см ұзындыққа бара ала ма?
№116. Себетте 100 алмадан кем алма бар. Алмаларды 2, 3 немесе 5
балаларға тең етіп бӛлуге болады, бірақ 4 балаға тең етіп бӛлінбейді. Себетте
неше алма бар?
Достарыңызбен бөлісу: