Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу



Pdf көрінісі
бет11/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   198
Байланысты:
studentke arnal an n s auly

11
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Бұл модуль осының алдындағы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен 
тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының 
оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен 
оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты. Мәселен, түрлі жастағы балаларда 
байқалатын метасана деңгейі, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті 
ынталандыру стратегиясы, әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сондай-ақ, аталған 
модульдің өзге модульдермен, мысалы, «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулімен 
байланысы бар, атап айтқанда әртүрлі жаста өзін-өзі бағалау үшін жауапкершілікті зерделеу 
тұрғысынан. 
Сонымен қатар Қазақстанның жекелеген ауылдық өңірлерінде кездесетін жас шама-
сы әртүрлі сыныптарда тиімді оқыту және оқу стратегияларын іске асыру жолдары да 
қарастырылатын болады.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің 
сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен 
түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Үшінші деңгей 
бағдарламасының негізгі идеясы сын тұрғысынан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім са-
ясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің 
іске асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық Үшінші деңгей бағдарламасының өн бойында 
мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын 
әр деңгей қырынан қарастыру мақсатында Үшінші деңгей бағдарламасында жеке модуль 
ретінде белгіленген. 
Осы модульде айтылған көшбасшылық тәсілі «Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы» 
қағидатына (Кембридж университетінің жобасы) негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, 
мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері тура-
лы ой-тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің 
жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің 
сын тұрғысынан ойлана білу қабілетімен және «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулімен 
тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет