21
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
5-деңгей:
Өзін өзі таныта білу – дарын, қабілеті мен әлеуетін толық көрсете білу.
Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды. Өзін
өзі көрсету басты мақсат болғанымен, басқа сатылармен байланысты мақсаттар да басымдыққа
ие бола алады. Бұған жұмысты аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды
жатқызуға болады.
Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның тәжірибесімен қарым-
қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай-ақ білім беру қисын мен интуиция, зияткерлік
пен сезімді қамтиды деген идеяны өрбітті. Оның ойынша, елеулі немесе тәжірибеге негізделген
оқудың сипаттамасы төмендегідей:
• «Оқу барысында жүретін сезіну және тану аспектілерінің екеуінде де адамның жеке
өзінің араласуын көздейді.
• Өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Түрткі немесе стимул сырттан жасалған
күннің өзінде де, жетістікке жету, оны түйсіну және түсіну сезімі іштен шығады.
• Ол ауқымды, сонымен бірге оқушының жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы, тіпті жеке
тұлғасындағы ерекшеліктерді анықтайды.
• Оны өз қажеттіліктеріне жауап бере ме, қалаған білімін алуға жетелей ме, өзі
білмейтін салаларды анықтай ма деген сияқты аспектілерді қарастыра отырып
оқушылар бағалайды. Бағалау негізі оқушының өзіндік пайымдарына негізделеді.
• Оның мәнi – мағынасында. Мұндай оқу орын алған жағдайда оқушы үшін оқудың
мағынасы жалпы тәжірибе ретінде түзіледі» (Rogers, 1983).
Достарыңызбен бөлісу: