34
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Қарқынды дамып жатқан өмір жағдайында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден тәуелсіз
оқи білу қабілетін талап етеді. Сондықтан жаңа кезеңдерден өтуіне қарай басқа адамдарға
тәуелділігін қысқарта алған оқушылар ең нәтижелі оқушы болады. Тәуелсіз оқушылар тәсілдер,
құндылықтар, дағдылар және білім кешенімен қаруланады, және де бір нәрсені үйрену қажет
болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. Есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек
қажетсінеді; оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң (қолайлы
жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары
деңгейіне көтеріледі. Өзін өзі басқарудағы метатанымдық қабілеттер тәжірибеге қарай және
уақыт өте жақсарады деп ойлағанымыз дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: