Алматы энергетика


 Электр энергиясының тауар ретіндегі сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет3/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ЭЭ Саласыны4 экономикасы

1.2 Электр энергиясының тауар ретіндегі сипаттамасы 
Электр энергиясы тауар ретінде нарықтағы сатып алудың және сатудың 
негізі болып табылады. Қазақстан электр энергиясының көтерме сауда базары 
болып 
саналатын 
электр 
энергиясының 
ырықтандырылған 
(либерализацияланған) нарықтарында нарық қатысушылары нарықтың кез 
келген басқа қатысушыларымен электр энергиясын сатып алу және сату 
келісім шартын жасауға, және сәйкесінше осы келісім шартпен тек келісім 
бағасын емес, электр энергиясын жеткізілім-тұтыну көлемін, және де 
мерзімін (кестесін) анықтау құқығына ие. Барлық тауарлық нарықтар үшін 
ортақ электр энергиясы нарығының осы жалпы шарттарымен бірге олардың 
өздеріне тән келесі ерекшеліктерді атап өтуге болады:
а) өндірілген тауар (электр энергиясы) шұғыл түрде тұтынушыға 
жеткізіледі (тасымалданады) және бірден тұтынылады; 
ә) өндірілген электр энергиясын белгілі мөлшерде үнемдеу және сақтау 
мүмкін емес; 
б) өндірілген және тұтынылатын тауар стандарттық сапада болуы тиіс 
(Қазақстан 
Республикасының 
Премьер-Министрінің 
орынбасары 
– 
Энергетика және минералдық ресурстар (бұрынғы атауы) Министрінің 
24.12.2001 
жылғы 
№ 
314 
бұйрығымен 
бекітілген 
«Қазақстан 
Республикасының электр желілік ережелерінде» көрсетілген кернеудің 
стандартты деңгейлері және жиілік); 
в) электр энергиясын тарату үшін барша электр энергиясын өндірушілер 
(сатушылар) электр энергиясын жеткізетін, және сәйкесінше электр 
энергиясын тұтынушылар (сатып алушылар) электр энергиясын тұтынатын 
жалпы қолданыстағы электрлік желілер пайдаланылады. 
Осы жағдайлардың салдарынан бір тұтынушымен өндірілген және 
жалпы желіге жеткізілген тауардың басқа тұтынушымен өндірілген және дәл 
осы желіге жеткізілген тауардан еш айырмашылығы жоқ, демек нақты 
тұтынушымен тұтынылған электр энергиясын кімнің өндіргенін (жеткізгенін) 
анықтау мүмкін емес. Сондықтан да келісім-шартта қарастырылған жеткізудің 
(тұтынудың) көлемі мен уақытына қатысты жеткізу (тұтыну) кестесінің 



орындалуын сақтау өндірушілер (жеткізушілер) үшін де, тұтынушылар үшін 
де міндетті болып табылады.
Электр энергиясының нарығы сатып алынған (сатылған) электр 
энергиясын тасымалдау жүргізілетін және оның бойымен тасымалдау 
қызметін көрсету оның жұмыс істеуінің міндетті шарты болып табылатын 
электр желілерінің ғана шегінде бола алады.
Электрлік қуат және Жүйелік оператордың қызметтері көтерме сауда 
нарығында сатып алу-сатудың заты болуы мүмкін. Сондықтан да «электр 
энергиясының нарығы» ұғымымен әдетте тек қана электр энергиясының 
нарығы емес, онымен ілеспелі жүретін электр қуатының нарығы мен нарық 
қызметтері де түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет