Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет30/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

жоғарыдағы ағымдардың біреуінікі де емес, өзінікі де емес, қойыртпақ» (8, 
83).
Қ.Жұбанов Маррдың грамматика туралы айтқан пікірлерін келтіре 
отырып, лексика грамматикаға кірмейді деген тұжырым жасаған. «Олай 
дейтініміз – грамматика даяр нәрсені қарамайды, ал лексика – даяр 
материал. Тіл (өзіне керектің) даярын, даяр емесін біледі, сөз мүшелерін 
біледі, ал біз солардан құрап аламыз. Демек, лексика бұрыннан дербес сөз 
болып, даяр болып тұрған соң грамматикаға кірмейді. ...Грамматика сөз 
құраудың техникасын қарайды; сөз материалының түр сипатын қарайды» 
(8, 90).
Қ.Жұбанов фонетиканы да грамматикамен тығыз байланысты сала деп 
таныған. Ғалым грамматиканың құрамына морфология мен синтаксисті ғана 
кіргізетін ғылыми бағыттарды біле тұра, «фонетика дыбыстардың ұстасу 
амалын қарайды, демек, морфологияның міндетін қарайды, фонетика 
синтаксисті де қарайды», – деп, өзінің «Қазақ тілі грамматикасының кейбір 
мәселелері» 
атты 
еңбегінде 
фонетиканы 
морфология, 
синтаксис 
мәселелерімен бірге қарастырған. Бұдан біз Қ.Жұбановтың жалпы 
грамматика мәселесіне екі тұрғыдан келгендігіне көз жеткіземіз, бірі тар 
ұғымда, грамматика – морфология және синтаксис салаларынан тұрады, кең 
ұғымда ол фонетиканы да қамтиды.
Қ.Жұбанов қандай да ғылыми пайымдауларын болсын шетел, орыс 
ғалымдарының еңбектеріне сүйеніп жасаған. Сонымен қатар әлемдік тіл 
біліміндегі ғылыми тұжырымдарға сын көзбен қарай отырып, қазақ тілінің 
материалдары негізінде өзіндік қорытынды жасаған. 
Әлемдік тіл біліміндегі түрлі бағытта өрбіген ғылыми теорияларды 
қазақ тіліне елеп-екшеп әкелген. Олардың дұрыс-бұрысын саралап, нақты 
тілдік фактілерге сүйене отырып, тілдік құбылыстар табиғатын дәл таныған.
Қазіргі қазақ тіл білімінде де «грамматика» ұғымы Қ.Жұбанов ғылыми 
негізін қалаған бағытпен қалыптасты. Оған дәлел – академиялық 
грамматикалардың Қ.Жұбановтың ізімен кең ұғымда тіл білімінің фонетика 
саласын да қоса қамтуы. 1967 жылы жарық көрген академиялық грамматика 


87 
(32), сондай-ақ 2002 жылы жарық көрген «Қазақ грамматикасында» (33) 
фонетика саласына көлемді орын берілген.
Қ.Жұбанов «Грамматика нені қарайды, қандай пәндерден құралады» 
деген тақырыпта қазіргі тілдік жүйедегі жаңа ғылыми ұғымдар ретінде 
қарастырылып жүрген біраз дүниелерді атап кеткен. Солардың бірі – тілдегі 
синтагма, парадигма ұғымдары. Ф. де Соссюрдің синтагма реті, 
ассоциация реті деген ұғымдар туралы айтқан ой-пікірлерін талдап, 
«синтагма – құрау дегенді білдіреді. ...Морфемдерден бастап, сөйлеуге 
дейінгі элементтердің тізбегі синтагма қатары болып табылады», – деген 
тұжырым жасайды. Ал қазіргі грамматикалық категорияларға қатысты 
«парадигма» ұғымын «ассоциация қатары» деп атайды (8, 87).
Қ.Жұбанов грамматика мәселелері туралы ой-пайымдауларында 
грамматикалық мағынаның сөз таптарымен арақатынасына да көңіл 
аударған. Сөз таптарының ортақ грамматикалық мағына арқылы 
топтастырылатынын дәл көрсеткен. Ғалымның өз сөзімен айтқанда, 
«Грамматика бұл терминнің мәнісі түрлі сөздердің жақын-алыстығын 
тергей, әр тобына белгілі форма тағатын, сөздер ауыл-үй қонғанда, оларға 
тиісті орын сайлап беретін ғылым саласы дегенді білдіреді. Сөздің 
грамматикалық мағынасы дегеніміз – сөз бен сөздің арасындағы осы 
жуықтықты көрсететін жағы. Сондықтан сөз бен аталған заттардың, 
құбылыстардың ұқсастығын осы грамматикадан білеміз. Мысалы, темір, 
ағаш дегендер конкрет заттар, сөзде (тіл ішінде) бұл екеуі ылғи бірөңкей 
формаланады, сөйлем ішінде бірөңкей қалыпта болады, зат есімнің тонын 
киеді. Басқа сөз таптары да солай. Демек, грамматиканың арқасында 
сөздердің жақындығын да біліп отырмыз» (8, 91). Бұл ретте С.Исаевтың 
«морфология лексикология сияқты жеке сөздердің нақты мағыналарын, 
олардың қайдан шығып, қалай қалыптасқанын, функционалдық-стильдік 
сипаттарын емес, сөздердің жалпы қасиеттерін, ортақ қасиеттері арқылы 
сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін, соның 
нәтижесінде пайда болатын жалпы мән-мағыналарды топтап, категориялық 
ерекшеліктерін зерттеп, сипаттайды» немесе «грамматикалық мағына 
сөздердің бір-бірінен бөлмей ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы 
мағыналары болып табылады» (34), – деуі Қ.Жұбановтың жоғарыдағы 
ғылыми тұжырымдарының заңды жалғасы іспеттес. 
Қазіргі тіл білімінің грамматика саласында тілдік құбылыстарды «тіл» 
(язык) және «сөйлеу» (речь) тұрғысынан бөліп қарастыру қажет деген 
ғылыми теория қолдау тауып отыр. «Тіл» – тілдік бірліктердің жүйеде 
тұрғандағы қалпын нысан етсе, тіл бірліктерінің қолданыстағы қалпы – 
«сөйлеуге» (речь) жатады. Қ.Жұбановтың «грамматика сөз құраудың 
техникасын қарайды» деген тұжырымынан ғалымның грамматика саласын – 
«сөз 
құраудың 
техникасын 
қарайтын» 
– 
сөйлеумен 
(речь) 
байланыстырғандығын байқаймыз. Сондай-ақ Қ.Жұбанов «Түбір мүшенің 
өзгешелігі» деген тақырыпшада сөзді – хабардың белгілі бір бітім бөлшегі 
деп атайды. «Ал хабарласу жеке сөздерден құралады. Сөзбен берілген 


88 
хабардың өзгешелігі – мұнда зат пен оның сипатын айыра таңбалаймыз. 
Демек, түбір сөз – заттың не істің әр алуан түрін не зат пен істің 
сипатының түрлерін айырып көрсететін таңба (заттың тек өзін, 
сипаттың тек өзін ғана білдіреді), ал сөйлеу дегеніміз – белгілі бір заттың, 
істің, сипаттың аттарын белгілі тәртіппен тізіп, бірімен-бірі 
байланыстырып барып солар арқылы хабар беру», – деп жазады (8, 110). 
Қ.Жұбанов сөз мағынасы екі түрлі болады: негіздік мағына
грамматикалық мағына деп көрсетеді. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздің 
лексикалық мағынасын «негіздік мағына» деген терминмен атайды. 
Ғалымның өз сөзімен көрсетсек: «Сөздің атау ретіндегі мағынасын негіздік 
мағына дейміз» (8, 106). Қазіргі қазақ тілі грамматикаларында Қ.Жұбанов 
салған ізбен сөз мағынасы лексикалық және грамматикалық мағына болып 
тұрақталып қалды. Бұдан қазіргі қазақ тіл білімінде тұрақты қолданыс тапқан 
терминдердің біразының Қ.Жұбанов еңбектерінен бастама алатындығына көз 
жеткіземіз. 
Жоғарыда сөз болған Қ.Жұбановтың грамматика саласына қатысты ой-
тұжырымдары ғалымның «Грамматика нені қарайды, қандай пәндерден 
құралады?», «Грамматика деген не?», «Ф. де Соссюрдің тілге көзқарасы», 
«Марр және грамматика», «Грамматиканы кім, қалай жазған», «Сөздің 
негіздік мағынасы мен грамматикалық мағынасы» деген бөлімдерде көрініс 
тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет