Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет32/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

қатар сөзі қаз деген күшейткіш буынмен айтылған» (8, 84). Дәл осындай 
сөздер қатарына ғалым қаз-қалпы, тас-талқан, тым-тырыс, жым-жырт, 
қым-қуыт сияқты сөздерді жатқызады. Бұдан екі түрлі жаңалықты байқауға 
болады. Бірі – бұрын қос сөздердің күшейтпе буынын жасаушы дыбыс тек 
қана «п» деп танылатын болса, енді соған «з» (қаз-қатар, қаз-қалпы 
дегендегі), «с» (тас-талқан дегендегі) және «м» (тым-тырыс, жым-жырт, 
қым-қуат дегендегі) дыбыстары да қосылады. Сөйтіп, күшейтпе буынды қос 
сөздер жасайтын дыбыстар біреу емес, п, з, с, м болып төрт дыбысқа жетеді. 
Екінші, күшейтпе буындар тек қана сын есім түбірлерден жасалады делініп 
келсе, енді зат есім (қаз-қатар, қаз-қалпы, тым-тырыс дегендегі қатар, 
қалпы, тырыс) түбірден де, еліктеуіш сөздер (жым-жырт дегендегі жырт


90 
түбірлерінен де, етістік (қым-қуат дегендегі қу) түбірлерден де 
жасалатындығы айқындалады (8, 84). 
Ал жоғарыдағы жіктемедегі ғалымның «қосалқылы сөз» деп атаған 
тілдік құбылыстар туралы белгілі ғалым Н.Оралбаева былай деп жазады: 
«Сөз тұлғаларының ішінде ерекше көзге түсетіні – қосалқылы сөз. Сөздің бұл 
тұлғасы қазіргі кезде де әлі толық танылып болған жоқ. Сөздер сөйлемде 
бірімен бірі байланысты қолданылатыны белгілі. Сөздерді бірімен-бірін 
байланыстыратын – жалғаулар мен көмекші сөздер. Сондықтан олар 
сөйлемде өзі қатысты сөзбен бірге қаралуы керек. Осы заңдылықты 
профессор Қ.Жұбанов сол кездің өзінде (1936) жақсы түсініп, оны қосалқылы 
сөз тұлғасы арқылы көрсеткен. Қазіргі терминмен айтқанда, ол – 
аналитикалық форма. Қазақ тілінде сөздің аналитикалық формасы бары 
ғылымда дәлелденген, бірақ ол грамматикаларда нақтылы көрсетіліп жүрген 
жоқ. Тек категориялардың аналитикалық тәсілмен жасалуы деген тұрғыда 
ғана қазіргі грамматикалардан орын алып жүр. Профессор Қ.Жұбановтың 
тілдің табиғатын жақсы түсінуі, теориялық негізінің өте тереңдігі ғана 
қосалқы сөз формасын (аналитикалық форманы) тануға негіз болғаны сөзсіз» 
(35, 120). 
Академик Р.Сыздық Қ.Жұбановтың біріккен сөздер мәселесіне 
қатысты ой-тұжырымдарына ерекше баға береді: «Осы күнгі біріккен сөздер 
деп жүрген категориямыз о бастан қиын мәселенің бірі екенін байқаймыз. 
Қ.Жұбанов бұған «біріккен сөз» емес, «кіріккен сөз» деген терминді 
қолданады да, оның негізгі белгісі етіп, «бүгінде ішкі жігін жоғалтып, бірігіп 
кетуді» алады: ашу+тас-тың ашудас, күн+жүз (дуз) дегеннің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет