Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет35/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

қосалқының iшiнде түбipден бұpын келетiнi де баp» (8, 166). 
Қосымшалардың түбірге жалғану реті туралы мәселеде ғалымның 
көрегендікпен айтқан тағы бір ой-тұжырымдарын кездестіреміз. Бұл -да, -де– 
жатыс септігінен кейін -ғы, -гі жұрнағының және -дай, -дей жұрнағынан 
кейін жалғаулардың жалғануына (нардайлары, үйдейлері) қатысты айтқан 
«ескертулерінде» айқын көрініс тапқан. Жатыс септігінен кейін жалғанатын -
ғы, -гі жұрнағының сөзжасамдық (формажасамдық) қызметі туралы қазіргі 
грамматикаларда даулы пікірлер бар. Басқа түркі тілдерінде, айталық, татар 
тілінде бұл -дағы, -дегі қосымшасы тіптен септік жалғауларының 
парадигмасында көрсетіліп жүр (39). Сол сияқты көптеген ғалымдар бұл 
жұрнақтың жалғаудан кейін келе алу қызметіне қарай «екі функциялы» (40), 
«көпфункциялы», «функциялық қосымша» (34) сияқты терминдермен атаған. 
Ал қазақ тілі оқулықтарында аталған жағдайда -ғы, -гі жұрнағы сын есім 
тудырып тұр деп көрсетіледі. А.Ысқақовтың жоғарғы оқу орындарына 
арналған «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында «Есімдерден сын есім тудыратын 
өнімді жұрнақтар» деген тақырыпта «-қы, -кі, -ғы, -гі жұрнағы арқылы кейбір 
зат есімдерден, есімдіктерден, үстеулерден, сондай-ақ жатыс септік 
формасындағы сөздер мен әредік шығыс септіктегі сөздерден туынды сын 
есімдер жасалады», – делініп, түпкі, ішкі, төргі сияқты сөздермен қатар, 
сөйлегендегі, орталықтағы, заводтағы сияқты мысалдар келтіріледі (41, 
172). Қазіргі кездері аталған жатыс септігіне жалғанатын -ғы, -гі тұлғасы 
туралы жоғарыда татар ғалымдарының септік парадигмасында, басқа да 
зерттеушілердің екіжақты қызмет атқаратындығы, нақты айтқанда, жатыс 
септігінен кейін жалғанғанда -ғы, -гі жұрнағының форма ғана тудырып, жаңа 
сын есім сөз жасамайтындығы туралы айтқан пікірлердің бар екендігін 
ескерсек, Қ.Жұбанов өз кезегінде сол қазақ грамматикаларының алғашқы 
жазылу кезеңдерінде-ақ осы құбылысты көрегендікпен байқап, бағамдай 
алғандығына куә боламыз. Сонымен қатар ғалым қосымшалардың орын 
тәртібіне қатысты бөлікте сын есім тудырушы -дай, -дей жұрнағының көптік, 
тәуелдік, тіпті септік жалғауларынан кейін жалғанатындығын атап көрсетіп 
қана қоймай, оны татар ғалымдарының ізімен септік жалғауы деп танып, 
«теңдес септік» қосымшасы деп те атайды (8). Түркі тілдерінде бұл 
қосымшаны П.М.Мелиоранский септік жалғауы ретінде таныған. Ол өз 
еңбегінде -дай, -дей қосымшасын «сравнительный падеж» деп атайды (42). 
Ал осындай форма тудырушы қосымшалардан кейін жалғанатын -ша, -ше 
қосымшасын Қ.Жұбанов «меңзес септік жалғауы» деп көрсетеді. 
Шындығында да жоғары оқу орындарында оқытылатын оқулықтар мен оқу 


94 
құралдарында, тіпті мектеп грамматикаларында сын есім тудырушы жұрнақ 
ретінде көрсетіліп жүрген -ғы, -гі, -дай, -дей сияқты функционалды 
қосымшаларға қатысты өзгерістер енгізуіміз қажет. Қ.Жұбанов та осы 
жұрнақтардың басқа жұрнақтардан ерекшеленетіндігін жақсы аңғарған. Тіпті 
септік жалғаулары ретінде атауының да үлкен ғылыми мәні бар. Ғалымның 
бұл ғылыми ой-топшылаулары келешекте грамматика мәселесі бойынша 
жазылатын көптеген ғылыми жұмыстың өзегіне айналары сөзсіз. 
-дай/-дей қосымшасының екі жақты тілдік табиғаты, яғни оның 
көпфункциялы болып келуі түркі тілдерінде осы мәселе жөнінде түрлі 
бағыттардың қалыптасуына әкелді. Өйткені функционалды қосымшалардың 
ішінде -дай/-дей қосымшасының семантикалық өрісі өте кең. Ол дәстүрлі 
грамматикаларда айтылып жүргендей сөзжасамдық жұрнақ бола тұра, түрлі 
сөйлеу жағдаяттарына қарай сөз түрлендіруші, яғни форма тудырушы 
жұрнақтар сияқты функцияларды игеріп, басқа сөзжасам жұрнақтарынан 
ерекше сипатқа ие болады. Мәселен, бұл қосымша тәуелдік жалғауынан 
кейін де жалғана алады (баламдай), тәуелдік формадан кейін де жалғана 
алады (баланікіндей), -дағы/-дегі формасынан кейін де жалғанады 
(баладағыдай), -ушы формасына да жалғанады (барушыдай), болымсыз 
формадағы есімшеге де жалғана алады (бармағандай) т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет