122
жерде тіл философиясы мәселесіне барудан аулақпыз.
Дегенмен адамзат
баласының «тіл» атты қасиеті әрбір ұлттың бойында, дүниетанымында
өзімен бірге өмір сүретінін ешкім де жоққа шығара алмайды. Осы тұста
ғалымның сөйлеудің, яғни синтаксистік құбылыстардың статикалық тілдік
құбылыс
болып қана қоймай, тілді қолданушының қажетіне жарайтын
«жанды» құбылыс екендігін айқындаған ойын мына пікірлерінен аңғаруға
болады: «
Сөйлеу – хабар беру, коллективтік көрініс. Бұған ең азы екі адам
қатысуы керек». Ғалымның сөйлеуге (синтаксиске) қатысты қай тұжырымын
алсақ та, қазіргі тіл білімінде енді зерттеліп
келе жатқан салалардың
«ұштығы» жатқандығы аңғарылады. Мысалы, жоғарыдағы пікірден сөйлеу
актісі (речевой акт) концепциясының нышанын аңғаруға болады. Ғалымның
қазақ тіл білімінің енді ғана қолға алынып жатқан шағында жазған
еңбектерінің өзінде де қалам тартқан тақырыбының қыр-сырын терең
түсінгендігін оның тілдік құбылыстарға берген атаулары мен терминдерінен
көруге болады. Мысалы, ғалым « ...
сөз айтылған жерде сөйлесу болады, ал
одағайларды айтқанда бір жақты сөйлеу бар да, екі жақты сөйлесу жоқ»
дей отырып,
сөйлеу мен
сөйлесу терминдері арқылы диалогтық (екі жақты),
монологтық (бір жақты) сөйлеуді дәл анықтағаны тәнті етеді.
Профессор Қ.Жұбановтың грамматикаға, әсіресе синтаксиске қатысты
еңбектерін оқи отырып, кез келген зерттеуші
өзінің зерттеу объектісіне
қатысты маңызды тұжырымдар таба алады деген тұжырымға келеміз. Оны
нақтылау үшін тағы да ғалымның өзін сөйлетейік: «
Сөйлеу деген – біреудің
екінші біреуге хабар беруі. Сөйлеушінің тыңдаушыға беретін хабары өзіне әр
түрлі әсер ететін болады. Өзінің бір жақын не дос адамының өлгенін
хабарлап тұрса, бұл хабар сөйлеушінің өзіне қайғы туғызады. Өзінің бір
жолдасының бір ірі табысын сөз қылып тұрса, бұл хабар сөйлеушінің өзіне
қуаныш, шаттық енгізеді. ... Сөйлеуші бірдеменің жайын хабарлай тұрып,
сонымен бірге, сол хабары өз басына қандай әсер ететінін де –
Достарыңызбен бөлісу: