Сокольский Дмитрий Владимирович(1910-1987)
.
Сокольский Дмитрий Владимирович (
4
.
4
.
1910
,
Пехлеви
қаласы (
Иран
)
–
1
.
3
.
1987
,
Алматы
]
–
ғалым
,
профессор
(
1949
).
Қазақстан ҒА
-
ның академигі (
1951
),
Қазақ КСР-інің ғылым қайраткері
(
1960
).
Социалистік Еңбек
Ері
(
1969
).
Қазақстандағы
катализдік
химия
ғылымы мектебін ұйымдастырған (
1945
–
1971
). М.В.
Ломоносов атындағы
Мәскеу мемлекеттік университетін
(
1934
),
аспирантурасын
(
1937
) бітірген.
1937
–
1942
ж. қазіргі Қазақ ҰУ-де ғылыми
қызметкер,
1945
–
1948
ж.
Қазақстан ҒА-ның Химия ғылымдары институты
директорының
орынбасары,
1951
–
1954
ж.
Қазақстан
ҒА-нда
ғалым
-
хатшы,
1965
–
1973
ж.
Қазақстан ҒА
-
ның бірінші вице-
президенті,
1969
–
1987
жылдары
Органикалық катализ және электрохимия институтының
директоры болды. Негізгі ғылыми
еңбектері
каталитикалық гидрогендеу теориясы
мен тиімділігі
жоғары
гидрлеу
катализаторларын
жасауға,
гидратациялау
,
тотықтыру
және
кіші
молекулалар
негізінде
синтездеу
процестеріне, іргелі және қолданбалы ғылымды ұштастыруға арналған. Оның
басқаруымен күрделі органикалық заттарды (
майлар
, хош иісті заттар,
витаминдер
, т.б.) талғамдап гидрлейтін, автокөліктер
мен көптеген өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын өндірістік катализаторлар жасалды.
Қазақ КСР-інің Мемлекеттік
сыйлығын
алған (
1974
). Екі рет
Еңбек Қызыл Ту
,
Ленин
,
“Халықтар достығы”
,
“Құрмет белгісі”
ордендерімен және
медальдармен марапатталған.
1800
-
ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде
20
шетелдік
патенті
,
500
-
дей авторлық
куәлігі және
18
монографиясы
бар.
Михаил Тихонович Козловский
[
өңдеу
]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Михаил Тихонович Козловский.
Михаил Тихонович Козловский (9.2.
1903
,
Беларусь
, Могилев губерниясы Малятичи селосы –
13.1.
1972
,
Алматы
қаласы) –
химия
ғылымының докторы (
1952
)
профессор (
1953
),
Қазақстан ҒА
-
ның
академигі (
1962
),
1953 -
Қазақ КСР
-
інің еңбек сіңіргенғылыми қайраткері.
1926
-
Одесса химия-технологиялық институтын бітірген.
1926-
1939
-
Одесса
сот сараптамасы институтында кіші, аға ғылыми қызметкер,
1939-
1971
-
ҚазМУ-де (қазіргі
ҚазҰУ
)
кафедра меңгерушісі, декан, ғылыми жұмыстар бойынша
проректор (1939–71) болып қызмет істеді.
Сонымен бірге
1964
жылдан Қазақстан ҒА Төралқасының мүшесі және химия-технология ғылымдары
бөлімшесінің академигі-хатшысы болды. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары
сынап
катодын
электролизде пайдалануға,
күшәла
(
мышьяк
) қосылыстарын сынап катодында
тотықсыздандыруға арналған. Козловский
сынап
және
амальгама
электродтарын қоспадағы
металдарды бір-бірінен ажыратуға пайдаланды. 1950 жылдан амальгама химиясы мен амальгамалық
металлургия деген жаңа ғылыми бағыттарды зерттеп, оның негізін қалады. Кейін
амальгамалық
металлургия
әдісі тазалығы жоғары металдар (мысалы, висмутты) алуға қолданылды. Бұл жұмыстар
өндірістік сынақтан өтіп,
Шымкент
қорғасын зауытына енгізілді.
Еңбек Қызыл Ту
,
«Құрмет
Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
[1]
Әбікен Бектұров
[
өңдеу
]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
|