Vii тарау ұлы дала халқының жаратылыс туралы ұғымдары мен химия ғылымы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата18.11.2022
өлшемі0,83 Mb.
#51068
  1   2   3   4   5
Байланысты:
VII ТАРАУ Химия тарихы



VII ТАРАУ 
 
Ұлы дала халқының жаратылыс туралы ұғымдары мен химия ғылымы 
 
Ұлы дала мекендеген халықтар өткен 3 жылдықта рухани біртектілікте шыңдала 
отырып, ұдайы сапалық жетілуде болған. Тарихта ол көшпенділер мәдениеті деген атпен 
белгілі. Санғасырларда көшпенділер мал жаюдың тәсілдерін шыңдаумен қатар, күнделікті 
тұтынатын бұйымдары мен құралдарын, жерін, елін жаудан қорғауға қажет соғыс 
құралдарын дұрыс пайдаланумен бірге, өздерінің жаратылысы туралы танымдық, 
моральдық, этикалық түсініктерді тудырдыжәне жетілдіріп отырды.
Тарихи деректерге сүйенсек, қазіргі Қазақстан территориясында көшпенділер 
мәдениетін ұстанған қазақ халқын құрайтын тайпалар біздің заманымызға дейінгі 9-8 
ғасырларда қалыптасқан.
Көшпелі өмір салты бойынша ата-бабаларымыз ұлы далада қысы- жазы бойы еркін 
көшіп жүрген. Табиғат төсінде қыста да, жазда да, түнде де, күндізде өмір сүргендіктен 
олардың жаратылыс, табиғат туралы және жаратылыста болып жатқан құбылыстар туралы 
түсініктері біршама жетік болған және олар жайлы өзіндік ой-пікірлері, ұғымдары, 
көзқарастары және мәдениеті қалыптасқан.
Көшпенділер жаратылыстануының негізі – тәңір, көк аспан, шексіз әлем –оларды 
жаратушы –құдіретті көктегі Күн. Сол себептен, ертеде ұлы дала халықтары (қазақтар) 
Күнді тәңірінің көзі деп ұғып, киіз үйлерінің есігін күн шығысқа қаратып тігіп, шығып келе 
жатқан Күнге тәубә еткен. Ұлы дала халқының бұл қстанымдары «Құран -Кәрімде» 
былайша келтірімді «Әуелде Көк пен Жер біртұтас еді. Біз екеуінің арасын ажыраттық. 
Түнді, күндізді және Күн мен Айды да Алла жаратты. Күнді жарық, Айды нұр етіп жаратты 
да, оған жылдардың сандарын, есептерін білулері үшін Айға орын белгіледі». Осыдан ұлы 
дала халқының жаратылыс туралы көзқарастары «Құран-Кәрімдегі» ұстанымдармен 
сәйкестігін байқау қиын емес.
Жаратылысты танып-білуде оны зерттеуде ертеден ұлы дала халқы жүздеген 
жылдар бойы өмір сүру барысында тәжірибе жинақтай берді. Олар тіршілік барысында 
күнделікті тұрмыста қолданатын әртүрлі көптеген заттарды, тастарды, ағаштарды зерттеп, 
солардың түрлерінен өздеріне қажет бұйымдар жасады. Осы кезде заттардың сипатына, 
қасиеттеріне көңіл аударды. Ата –бабаларымыз көшпелі өмірге орай кең байтақ ұлы 
даланың мол байлығын, сан мыңдаған заттарды өз қажетіне пайдаланды. 
Жаратылысқа көзқарас, оны танып-білуге деген ізденіс ертеден қазақтарды 
қоршаған ортаны мұқият пайымдауға мәжбүрледі. Ол кезде заттарды, құбылыстарды 
зерттейтін білім болмағандықтан, дала халқы жаратылысты сол қалпында тұтастай 
қабылдады.
Ертедегі қазақтарда «зат» ұғымы және оның сипаттары – құрамы, құрылысы, 
қасиеттері-туралы білім мен біліктіліктері қалыптасқан. Кез-келген заттың құрамында 
көптеген заттар болатынын білген. Мәселен, күнделікті тұрмыста сүттің көптеген заттардан 
тұратынын білу арқылы одан май, қатық, ірімшік, құрт алған. Сүттің сары суында сусын 
ретінде пайдаланған. Кез –келген заттың майда бөлшектерден тұратынын білген -тұзды 
ұнтақтаса, сол тұзды құрайтын майда бөлшектер түзіледі.
Жаратылыстағы заттар мен байқалатын құбылыстар туралы дала халқында келесідей 
рет қалыптасты: 
-затқа ат беру –атау 


-затты тану, құрастыру 
-затты сипаттау 
-құбылыстың себебін іздеп, түсіну 
-құбылысты іске асыру, өмірде қолдану. 
Осы жүйе бойынша «заттар» , «құбылыстар» туралы мағұлматтар ғасырдан –ғасырға 
жинақталып көбейе түсті. 
Зат ұғымын ертедегі қазақтар ірбір заттың құрамы және қасиеті болады, содан ол 
заттың сапасы туындайды деп пайымдады. Олар затты келесідей жіктеді:
-жай заттар (алтын, күміс, мыс, темір); 
-күрделі заттар (су, тұз, сірке қышқылы); 
-құймалар (жез, қола). 
Заттардың қасиеттерін олардың күйі (сұйық, қатты,бу), түсі (сары, ақ, қара, көк), иісі 
(өткір), дәмі (қышқыл, тәтті, ащы), қатуы (мұз), қайнауы (су) және ерігіштігі (тұз, қант) 
болатыны арқылы байқады және заттардың осы қасиеттерін күнделікті тұрмыста 
пайдаланды. Бұдан ертедегі қазақтардың зат туралы түсінігінің осы кездегі түсініктерге 
сәйкес келетінін байқаймыз. Қазақ халқына мыс, күміс, алтын, темір, сынап, қорғасын, 
мырыш, қалайы металдары және олардың құймалары ертеден белгілі болған. Сол сияқты 
олар күнделікті өмірде суды, ас тұзын, тотияйынды, ашудасты, күшәланы, алмасты 
қолданған, қара сабын жасап пайдаланған. Яғни, ол үрдістердің химиялық жағын білмесе 
де, заттардың қасиеттері арқылы табиғи заттарды өңдеуді білген. 
Ерте грек ойшылдарының жаратылыс туралы ілімін ұлы бабамыз Әл-Фараби 
қабылдап, жетілдірген. Ол «ғылымдардың шығуы туралы» кітабында заттар туралы 
фиолософиялық ойлар мен зерделі пікірлер білдіреді. Әл-Фарабиөзінің таным теориясын 
ұсынды. Ол бойынша Адам –табиғат эволюциясының жемісі, заттар өз бетінше тіршілік 
етеді, адам таным иесі, заттар адамның сезім мүшелеріне әсер етеді, адамда түйсік 
тудырады. Әл-ФарабиӘл-Фараби айналадағы заттарды, денелерді алтыға бөлді: 1-аспан 
денелері; 2-есті жануарлар –адамдар; 3-ессіз жануарлар; 4-өсімдіктер; 5-минералдар; 6-төрт 
түпкі негіз –от, ауа, топырақ, су. Осы төрт түпнегіз заттардың 
ма
териалдағының өзегі. 
Олардың бір-біріне айналуының материясын басқа алуан түрлері пайда болады. Денелер 
пайда болады, өзгерістерге ұшырайды, жойылады, ал төрт түп негізі мәңгі өзгермейді. 
Олардың бір-біріне айналуы нәтижесінде жаңа тіршілік негіздері туындап, жетіліп 
отырады. Сонымен, Әл-Фарабидің жаратылыс туралы ойлары қазіргі кезде ғылыми түрде 
дәлелденіп, толықтырылуда. 
Ертедегі қазақ халқының жаратылыстағы «заттар» құбылыстар туралы ұғымы мен 
түсінігін қазіргі химия ғылымы жүйесімен былайша салыстыруға болады: 
Қазіргі химиялық түсініктер
Қазақ халқының жаратылыс туралы түсініктері 
Заттар туралы алғашқы ұғым 
Тәңірі, Алла, көк аспан, қара жер 
Химиялық элементтер 
Алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы 
Химиялық құбылыстар 
Заттардың жануы, темірдің тоттануы, сүттің 
ашуы, судың қатуы, қайнауы 
Газдар
От, бу, түтін, жел 
Ерітінділер
Сүт, айран, қымыз, шұбат, боза, су 
Қоспалар
Қола, жез 
Қосылыстар
Ашудас, тотыяйын, сақар, ас тұзы, мүсәтір
Заттар (бұйымдар) 
Қару, қазан, ошақ, кетпен, сырға, жүзік, таға. 


Жаратылыста қазақтар дүниені құраушы төрт түрлі тек бар екенін ұстанған. Олар: 
жер, су, жел, от. Қазіргі ғылымдар бойынша олар заттың төрт күйі -жер –қатты, су –сұйық, 
жел –газ, от –плазмалық күйлер. Олар осы төрт текті төрт түлік малдың негізі деп білген. 
Жылқы –желден, - қой –оттан, түйе –сордан (жер), сиыр –судан жарболжауынша, қазіргі 
Қазақстан аймағында ежелгі адамдар осыдан 1млн жыл бұрын өмір сүрген. 
Сол кезден бастап ұлы дала халқы басынан тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірлері 
өтті. Тас дәуірінде ертедегі ата –бабаларымыз тұрмыстық құралдар мен қажетті заттарды 
тастан жасаған. Оның дәлелі Шақпақ, Арыстанды, Шілікті қорғандарынан табылған заттар.
Қазақстан аймағында біздің жыл санауымызға дейінгі 4-1 
мыңыншы
жылдар 
арасында аралығында қола дәуір болды. Ата –бабаларымыз қоладан қанжар, пышақ, 
кетпен, шот, найза, балта, сақина, сырға т.б. бұйымдар жасай білген. Ертедегі кеншілер мыс
пен қалайыны оларға бай жер бетінде жатқан кендерді (малахит, азурит т.б.) өртеу арқылы 
өндірген. 
Орта ғасырда қазақтар біршама отырықшы халыққа айнала бастады, қалаларпайда 
болды, шеберханалар, ұсталар жұмыс істей бастады. Сол кезде темірден, мыстан, қоладан 
– шырағдандар, сақиналар, білезіктер жасалды. Айналысқа бақыр тиындар енгізілді. Сол 
кезде қазақ жерінде өндірілген металдардың сапасы, олардан жасалған бұйымдар мен қару 
–жарақтың сапасы туралы тарихта өте құнды деректер кездеседі. Грек тарихшысы –Геродот 
даланың көшпенділері –скифтер туралы былай деп жазған: «бұл елде мыс пен алтын ат 
көпір. Олардың найза, жебе, айбалта сияқты қару –жарағы жезден соғылғанымен, оның 
есесіне бас киімдері мен белдік 
кісесіне
н бастап ат әбзелдеріне дейін алтынмен апталған». 
Герадоттың бқл айтқанына Есік қаласының маңындағы қорғаннан табылған «Алтын адам» 
дәлел болады. 
Темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген көшпенділер темірді біздің жыл 
санауымызға дейінгі 7-6 ғасырларда өндіріп пайдаланған. Осы кезде Сақ, Үйсін тайпалары 
темірден түрлі тұрмыстық бұйымдар, қару –жарақ, ат әбзелдерін жасаған. Ғалымдардың 
пайымдауынша, дүние жүзіне темір үзеңгіні алғаш біздің ата –бабаларымыз жасап 
таратқан. Осы кезеңде олар темірді және оның қоспаларын көркем өңдеу ісі де дамыған 
(
инкрустаци
я).
Бір дәуірден екіншісіне өту барысында ұлы дала тұрғындарының зат туралы 
ұғымы,білімі толықты, жаратылыс жайында сана –сезімі, ой -өрісі дамыды, дүние танымы 
кеңейе түсті. Олар кенді балқытып, таза металл немесе оның қорытпасын алу үшін 
жергілікті материалдарды (сексеуіл, көмір) пайдаланған. Мыс (қола) өндіріп, басқа елге 
шығарып, олардан өздеріне қажет бұйымдар, қару алып отырған. Еуропада мыс табылғанға 
дейін ертедегі қазақтар оларды жезбен қамтамасыз етіп отырған деген дерек бар. 
Сонымен, ертедегі қазақ жерін қоныс еткен халықтарда химия ғылым ретінде емес, 
қолданбалы түрде көрініс тапқан. Ол кезде көшпелі өмір салиы ғылыми жұмыстар, 
зерттеулер жүргізуге икемделмеген. Сондықтан да қазақ даласының ойшылдары ғылыммен 
айналасуға мүмкіндігі мол елдерге кетіп, сол жерде өздерінің қоғамдағы жаңалықтарын, 
философиялық ойларын іске асырған. 
Химия ғылым ретінде қазақ жерінде тек қазақ төңкерісінен кейін ғана пайда болып 
дамыды десек, өте көп қателеспейміз. Кеңес дәуірінде қазақ жерінің байлығы тұтастай 
зерттелді. Қазақ жерінің қойнауынан периодтық жүйедегі химиялық элементтердің 
барлығы табылады деуге болады. Оған қоса мұнай мен газ, уран кеніштері Қазақстанды 
химиялық елге айналдырды. Олардың ішінде келесі салаларды атайтын болсақ: Шымкент 
қорғасын комбинаты, Жезқазған-Балқаш мыс комбинаттары, Өскемен титан–магний және 
түстіметалдар комбинаттары, Ақтөбе хром қосылыстары зауыты, Жамбыл фосфор және 
суперфосфат зауыттары, Теміртау металлургиялық комбинаты т.б.. 


ҚОСЫМША 
Республика қойнауының өте бай минерал және органикалық шикізаттары химиялық 
зерттеулерге, химия өндірістері мен химия технологиясының дамуына жол ашты. Кеңес 
дәуірі кезінде Қазақстан Кеңестік республикалар арасында химия өнеркәсібі мен 
ғылымының дамуы бойынша бірінші орындарды иеленді.
Химик мамандарды, алдында айтып өткендей, 1934ж. қыркүйекте ашылған 
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультеті даярласа, химия 
ғылымы мен технологиясын ілгері дамытуда 1945ж. Мамырда КССРО ғылым 
академиясының Қазақ филиалы ретінде құрылған химия ғылымдары институты болды. Ал 
1946ж. Қазақ Ғылым академиясының құрылуы химия ғылымының дамуына қосымша 
серпіліс берді. Осыған орай, химияның әртүрлі салаларын химия ғылымдары институтымен 
қатар, органикалық катализ және электрохимия, химия–металлургия, мұнайжәне табиғи 
тұздар институттары мен Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетінде, химия–
технология инстиутындакелелі зерттеу жұмыстары жүргізілді, химик кадрлар даярланды.
Қазір Қазақстан химиясы дүние жүзіне белгілі жетістіктерге қол жеткізді. Атап 
айтқанда, М.И.Усановичтің қышқыл–негізтеориясы, амальгамдар химиясының теориясы 
мен практикасы (М.
Г
. Козловский), каталитикалық үрдісті болжаудың теориялық негіздері 
(
Р
.В. Сокольский), концентрлі тыңайтқыштар алудың негіздері (А.Б. Бектуров), жоғары 
молекулалы қосылыстар химиясының теориясы мен практикасы (С.Р.Р
адино
в), 
поликонденсациялық үрдістер химиясы (Б.А. Жұбанов), амперметрлік титрлеудің теориясы 
мен практикасы (О.А. Сонгина), сирек және түсті металдарды өндірудің физика–химиялық 
негіздері (Е.А.Букетов), жаңа гетероциклді қосылыстар синтезіжәне олардың 
физиологиялық әсері (И.Н. Әзербаев, А.Ш. Шар
ифжа
нов), континентальдық тұз пайда 
болуының физико –химиялық негіздемесі (Б.А. Бірімжанов), ион алмасу химиясы 
(Е.Е.Ергожин). 


Әдебиеттер: 
1. Гумилев Л. Көне түркілер. Алматы «Білім» 1994. 
2. Құран–Кәрім. Қазақша мағына мен түсінігі. Медина, 1991. 
3. Ерғалиев І., Телібаев Ғ. Қазақ дүние танымының негізгі ұғымдары. «Ақиқат» 
4. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүние танымы. Алматы. Ғылым, 1996. 
5. Әл- Фараби. Ғылымдардыңшығуы туралы. Алматы. «Наука» 1987. 
6. Герадот. История. Санкт-Петербург. Амфора, !999. 
7. Аджи М. Полынь половецкого поля. Москва. ТОО. Пик контекст, 1994. 
8. Химическая наука Казахстана. –Алматы: Қазақ университеті, 2002. -360 бет. 


Бірімжанов Батырбек Ахметұлы 
Қазақстандық көрнекті ғалым-химик, республика жоғары білімі мен 
ғылымының ірі ұйымдастырушысы, шығармашылықтың шыңы іспеттес 
болған Батырбек Ахметұлы Бірімжанов бұрынғы Самара губерниясының 
Бузулук қаласында 1891 жылғы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Бастауыш 
білімді әйгілі Алтынсарин мектебінде алып, орта мектепті Қызылордада 
бітірген. Ол 1928 жылы Халық білімі тәжірибелік институтының (ПИНО) 
студенттері санатына еніп, 1932 жылы Қазақ педагогикалық институтының 
химия бөлімін бітіріп шықты. 
Әкесі Ахмет Қорғанбекұлы белгілі заңгер, Мемлекеттік Думаның 
депутаты, “Алаш” партиясының қайраткері, кеңес дәуірінде халықтық әділет 
комитетінің алқа мүшесі, Қазақстан Жоғарғы сотының мүшесі қызметтерін 
атқарған. Анасы Гүлжауһар Әлмұхамедқызы Әбілқайыр ханның шөбересі. 
Еңбек жолын студент кезінде-ақ бастаған Б.Бірімжанов 1930 жылы Қазақ 
КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Ақмола өңіріндегі Нұра ауданы 
бойынша сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше өкілі болған, ал 1931 жылы 
Халық ағарту комиссариатының өкілі ретінде Шалқар ауданында міндетті 
бастауыш білім беру мен ұйымдастыру ісімен айналысты. 
1934 жылғы қаңтардан бастап Б.Бірімжанов Қазақ мемлекеттік универ- 
ситетінде қызмет етті. Ал 1936 жылы Ленинград мемлекеттік 
университетінің аспиранты болып қабылданды. Алғашқы ғылыми 
ізденістерін профессор С.А.Щукаревтің жетекшілігімен бастады. 
ҚазМУ-ға оралған соң Батырбек Ахметұлы осы оқу орнының қабырғасында 
ассистент, аға оқытушы (1940), доцент (1948), кафедра меңгерушісі (1954), 
профессор (1965) қызметтерін абыроймен атқарды. 
Осыдан 10 жыл бұрын оның 85 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық 
көрген “Баташ аға” атты кітапта жас ғалымның қырқыншы жылдары “нағыз 
профессорды” көру мақсатында Мәскеуге барып келуге сұранатыны жайында 
дерек бар. Ол кезде бұл жай түсінікті еді – Қазақстанда жоғары дәрежелімаман 
химиктер жетіспейтін. Ал бүгінде ҚазҰУ-дың химия факультетінде 
аса зор ғылыми әлеует топтастырылған, ондаған профессорлар саны барлық 
кез келген өзге факультеттегілерден асып түседі. Бұл істе Б.Бірімжанов 
еңбегінің ерекше екенін айтуымыз керек. 
Батырбек Ахметұлының бүкіл ғұмыры химия факультетімен 
байланысты. Осындағы профессорлық-оқытушылық құрамда және ғылыми іс 
саласында қызмет ететіндердің көпшілігі – оның әкелік қамқорлығы мен 
мейірімділігін сезінген адамдар. Бүгінгі көрнекті ғалымдардың 
жетістіктерінде ол кісінің еңбегі мол. Оның үстіне ҚазМУ-да химияның қазақ 
тілінде оқытыла бастауы да профессор Б.Бірімжанов еңбегінің нәтижесі. Ол 
1940 жылдан бастап ұстаздық қызметпен қатар Қазақстанның химия өнер- 
кәсібі үшін зор маңызы бар ғылыми проблемалармен айналысты
Ә.Б.Бектұровпен бірлесе ізденіп, енді ғана ашылған Қаратау фосфориттерін 
қышқылсыз қайта өңдеу мүмкіндіктерін зерттеді. 
1946 жылы “Қазақстандық шикізаттан термофосфаттарды алудың оңтайлы 
жағдайлары” деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 1952 
жылы Балқаштың мыс балқыту комбинатында күкірт натрийін шығарудың 
үздіксіз өндірісі әдісін ендірді. 1954 жылдан бастап ҚазМУ-дың 
бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, сонымен бірге 1980 
жылға дейін 26 жыл бойы химия факультетінің деканы болды. 
Б.Бірімжанов жаңа оқу ғимаратын салуға және факультеттегі сирек 
элементтер, табиғи қосылымдар, жоғары молекулярлық қосылымдар, 
коллоидтық химия, жалпы химия, химиялық кинетика және жану сияқты 


жаңа кафедраларды ашуға барлық күш-жігерін салды. Химия факультеті 
оның басшылығымен университеттің алдыңғы қатардағы оқыту және 
ғылыми орталығына айналды. Аталмыш факультеттің саналуан жетістіктері 
оның деканының есімімен байланысты. 
ҚазМУ-дың физикалық-химиялық әдістер зертханаларында 
Б.Бірімжановтың жетекшілігімен басталған ғылыми-зерттеулер кезінде 
Ресейдің техникалық ғылымдар академиясының академигі Г.И.Ксандопулоқұрған 
және көп жыл басшылық еткен Жану проблемалары институтында 
қазір де табысты жалғасуда. Дәл осы институтта 1996 жылы 12 желтоқсанда 
Б.Бірімжановтың 85 жылдығына орай “Экологиялық таза технологиялар мен 
материалдар жөніндегі қазіргі проблемалар” атты симпозиум ашылып, 
ғалымның барельефі бар ескерткіш тақта орнатылды. 
1965 жылы Б.Бірімжановқа профессорлық ғылыми атақ берілді, ал 1967 
жылы ол “Балқаш өңірінде тұздар түзілісінің физикалық-химиялық үрдістері 
және оларды пайдалану” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 
1970 жылы ол Үкімет қаулысымен Қазақ Совет Энциклопедиясының бас 
редакциясының мүшесі және Қазақ Совет Энциклопедиясының химия 
жөніндегі редакциялық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, 1981 жылы 
жарық көрген химия саласындағы тұңғыш Қазақ энциклопедиялық сөздігінің 
редакторы болды. Сол сөздікте Қазақстанда жаңа ғылыми бағыт – химиялық 
физиканың зерттеле бастағаны ресми түрде мойындалды және жан-жақты 
баяндалды. 
Б.Бірімжанов оқыту әдіскері ретінде де танылған азамат. Он жыл бойы 
(1963-1973 жж.) ол Қазақ КСР Білім министрлігінің химия жөніндегі 
ғылыми-әдістемелік кеңесін басқарды, сонымен бірге кеңестік химиктердің 
ұлттық комитеті (ИЮПАК) жанындағы жоғары білім мәселелері жөніндегі 
жұмыс тобының мүшесі болды. 
Б.Бірімжанов ғылыми кадрларды даярлау жөнінде көп жұмыстар 
атқарды, 1964 жылдан бастап ол жеті мамандық бойынша химия 
ғылымдарының докторы және кандидаты ғылыми дәрежелерін беру 
жөніндегі ҚазМУ Ғылыми кеңесін басқарды, ал 1978 жылдан бастап 
бейорганикалық, аналитикалық химия және электрохимия жөніндегі 
мамандандырылған кеңестің жұмысына жетекшілік етті. Оның 
жетекшілігімен 36 кандидаттық және 5 докторлық диссертация қорғалды. Ол 
қайтыс болған соң тағы 6 шәкірті кандидаттық диссертация қорғады. 
Б.Бірімжановтың жеке өзі және онымен бірлескен қызметкерлері 900-ге 
жуық ғылыми еңбек, соның ішінде 17 монография шығарды. Ғалымреспубликаның 
орта және жоғары мектептеріне арналған 10 оқулықты қазақ 
тіліне аударып, 6 оқулықты редакциялады. Оның 20 ғылыми-әдістемелік 
жұмысы жарық көрді. 
Б.Бірімжановтың шығармашылық және ғылыми тақырыптарының 
шеңбері өте кең. Ол Қазақстан Республикасындағы табиғи тұздарды іс 
жүзінде қолдану жөніндегі көлемді зерттеулердің негізін салды, отандық 
табиғи байлықтарды тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың 
тиімділігін өз еңбектерінде ұдайы айтып отырды. Табиғи тұздарды іс жүзінде 
қолданудың қолданбалы зерттеулерін жүргізумен қатар ол континенталдық 
тұздардың түп тамырын зерттеу жөнінде өте ауқымды теориялық 
жұмыстарды жүргізді. Балқаш, Алакөл, сондай-ақ 100 тұзды көлдің, 15 
өзеннің және 39 өзен сағаларының суларын зерттеу жөніндегі үлкен жұмыс 
нәтижесінде континенталдық тұз түзілу теориясын жасады. Одан кейінгі 
жылдары Сырдария, Іле, Шу, Тобыл, Есіл, Талас өзендерінің, сондай-ақ 
олардың бойында жасалған Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Сергеев су 


қоймаларының суларын зерттеуді жалғастырды. 
Осы жұмыстармен қатар, ол жоғары сапалы тыңайтқыштарды өңдеу 
мақсатында Қазақстанның табиғи фосфаттарын зерттеу ісін жүргізді. Атап 
айтқанда, Қаратау және Ақтөбе кен орындарының фосфориттерін зерттеді. 
Б.Бірімжановқа ғылымның ең жаңа жетістіктерін жіті қадағалап, өзі 
басқарған бейорганикалық химия кафедрасының ұжымын қазіргі заманғы 
ғылыми деңгейге бағыттап отыру қасиеттері тән болатын. 
Ол – ғылыми жұмыста кванттық-химиялық есептердің, сынақтардың 
математикалық жоспарлануының, нәтижелерді статистикалық өңдеуден 
өткізудің бастамашысы. Б.Бірімжанов ерітінділердегі бейорганикалық 
қосылымдарды белгілі бір бағытта алмастыру үшін иондалған сәулелендіруді 
және радиациялық химия әдістерін пайдалануға көп көңіл бөлді 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет