Зат тасымалының түрлері Биологиялық мембрана арқылы тек қана жекелеген молекулалар ғана емес
сонымен бірге қатты денелер тасымалы -фагоцитоз және ерітінділер
тасымалы- пиноцитоз болады.
Сондай-ақ тасымал бағыты бойынша мына түрлерге бөлінеді: эндоцитоз- заттардың жасуша ішіне тасымалдануы, экзоцитоз- заттардың жасушадан
сыртқа тасымалдануы.
Белсенді емес тасымал түрлері
Диффузия- бұл заттардың мөлшері көп жағынан аз жағына қарай, яғни
градиентке қарама-қарсы жаққа қарай өтуі. Диффузия екі түрге бөлінеді:
Қарапайым диффузия-басқа молекулалар градиенттерінің көмегінсіз
Жеңілдетілген диффузия- ионофорлар деп аталатын
тасымалдаушылардың көмегімен қозғалуы. Ионофорлар: қозғалмайтын
– грамоцидин , қозғалатын – валиномицин, нигерицин.
Осмос- мембрана арқылы су молекуласының аз мөлшері жағынан көп
жағына қарай ығысуы. Еріткіштің мұндай қозғалысын жасайтын күш
осмостық-итерме қысым деп аталады.
Фильтрация – гидростатикалық қысым әсерінен арналармен
сұйықтардың қозғалысы. Мысалы, су қан ағымынан лимфаға,
жалғастырушы тінге шығады, ал қан плазмасы бүйрек арналарына
ығыстырылады.
Белсенді зат тасымалының түрлері Белсенді тасымал- концентрация градиентіне қарсы тасымал болғандықтан
бір мезгілде таңдамалы тасымал да болып табылады, сондықтан қоршаған
ортадан жасушаның өмір сүруі үшін керекті заттар осы жолмен жұтылады
Белсенді тасымалдау кезінде АТФ ыдырау қуаты пайдаланылса , оны
біріншілей белсенді тасымал дейді.
Егер энергия көзі ретінде АТФ немесе тотықтырғыш-қалпына келтіретін
реакциялар энергиясы емес басқа заттардың конуентрация градиенттері
қызмет етсе, ол екіншілей- белсенді немесе түйінделу деп аталады.