I. КІРІСПЕ
1.1 Биологиялық мембрана және оның қызметтері
Жасуша биофизикасының маңызды бөлігі- мембрана биофизикасы, оның
медицинада маңызы зор. Тіршілікке тән барлық процестер биологиялық
мембранада өтеді, оның бұзылуы көптеген патологияның себепшісі
болады. Адам ағзасына емдеу мақсатында әсер ету- биологиялық
мембраналардың қызметіне, функциясына әсер
етумен тығыз
байланысты.
Биологиялық мембрана-жасушаның және жасуша ішіндегі
бөлшектердің бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы
5-10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша.
Өздігінен өмір сүретін, дамитын және көбейетін элементар тірі жүйе-тірі
жасуша, ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің негізі. Жасушаның өмір
сүруінің басты шарты, ол биологиялық мембраналар. Басты
шарттары
осылар:
Біріншіден- қоршаған ортамен салыстырғанда автономдығы, яғни
жасушаның заттары қоршаған ортаның заттарымен араласпауы керек,
жасушада және оның жеке бөліктерінде өтетін химиялық реакцияның өзін-өзі
автономды басқару мүмкіншілігі сақталуы қажет.
Екіншіден – қоршаған ортамен байланыс. Жасуша мен қоршаған ортаның
арасындағы байланыс энергия мен зат алмасуының реттелген түрде үздіксіз
жүруі;
Үшіншіден – қоршаған ортадан оқшаулануы
және сол ортамен тығыз
байланысының бірлестігі- тірі ағзаның барлық деңгейдегі ұйымдасу
қызметінің басты шарты. Сондықтан жасушаның өмір сүруінің басты шарты,
ол биологиялық мембраналар.
Биологиялық мембраналардың мынадай негізгі үш қызметі бар:
бөгеттік(барьерлік), матрицалық және механикалық.
1. Бөгеттік (барьерлік) қызметі қоршаған орта мен жасушаның
арасында таңдамалы (селективті), кезекпен , белсенді
және енжар зат
алмасу процестері жүреді. Таңдамалы деп атайтын себебі биологиялық
мембрана арқылы заттың бір тобы тасымалданса, басқа топқа жататын
заттар тасымалданбайды. Ал
кезекпен деп атайтын себебі
тасымалданатын заттар жасушаның жұмысына сәйкес мембранадан
кезектесіп ретімен өтеді. Белсенді дейтін себебі заттар таралымы
(концентрациясы) аз жерден таралымы
көп жерге қарай
тасымалданады, енжар дейтін себебі тасымалдану зат
таралымы көп
жерден таралымы аз жерге қарай жүреді.