Әдебиеттануға кіріспе


Сәбит Мұқановтың Сұлтанбек ісін өз дүниетанымы мен таптық



Pdf көрінісі
бет45/50
Дата19.11.2022
өлшемі1,3 Mb.
#51227
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Сәбит Мұқановтың Сұлтанбек ісін өз дүниетанымы мен таптық 
мүддесі түрғысынан бағалауы 
Ең алдымен - Сұлтанбек — комсомол… санасы бар шәкірт. Комсомол кісі 
әйелді меншікті мүлкім, менің әйелім өлгенше менімен ғана бірге болу ‘керек 
деп өмірінде айтпайды. Әйел тату тұрса ғана,— әйел. Кетемін десе,— ешбір 
еркектің зорлап ұстауға қақы жоқ. Өйткені әйел — еркектің, меншікті мүлкі 
емес… Кеңес өкіметі әйелді еркекпен теңгерген. Олай болса, безген Бәтиманың 
маңдайынан Сұлтанбек сипап қоя беру керек еді. Ол өйтпеді. “Махаббат” 
дегенді тауып алып, ақырында Бәтима тиген Мұстапаны өлтірді. Мұстапа да 
өзіндей жас, әрі талпынып келе жатқан талапкер еді. Қара басынын, қамы (!) бір 
азаматты өлімге қиды. Ендеше біздің айтарымыз — Сұлтанбек 1) комсомолдың 
қасиетті атын былғады; 2) әйел тендігіне қол сұқты; 3) Мұстапаны қатеден 
емес, қастап өлтірді. Бұл жұмыстың бүгінгі коғам тұрмысына залалы күшті. 
Егерде мұндайларға қатты жаза берілмесе, басқалар да үлгі алып, көңліне 
жақпаған адамды аңсары ауған күні өлтіріп тастай беруі мүмкін…
 


90 
Қосымша Ә 
Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық негізінің күрделілігі, 
яки көп проблемалылығы (З. Қабдолов «Сөз өнері») 
“Абай жолының” тек бас жағын ғана бажайлап қарайықшы. Оқудан елге 
оралған шәкірт Абай өзін қаладан алып қайтқалы барған Байтас п ауасын е ен 
жорға Жұмабайдан оқ бойы алда келе жатқан күйі, даланың таза ркін сіміре 
жұтып, рақатта серпіліп “кей-кейде өзіне таныс Қөкүйірім мен Буратиген, 
Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтар-дың тұс-тұсына келгенде, оқшау шығып, 
астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып алады”.
Осы эпизодтың өз тақырыбы (туған жер), өз идеясы (сағыныш) бар.
Одан әрі: осы жүргіншілер Көлқайнардағы Құнанбай аулына келіп, 
Абай өзін күткен апа-жеңгелерінің, Айғыз бен Ұлжанның, әжесі Зеренін, 
құшағына кезек-кезек кіріп, “өзін; шын балаға айналдырып жіберген” қалың, 
сүйіске малтиды да қалады.
Бұл эпизодтағы тақырып — анаидея — мейірім.
Енді бірде аналар арасындағы “еркін, ойнақы, бала мінездің, бәрін” 
пышақ кескендей тыйып, Абайды Құнанбай шақыртады. Абай дереу бойын 
жиып ап, әкесі отырған үлкен үйге келеді. Бұл үй шешелер үйіндей көңілді 
емес, ызғар шашқандай салқын түнжыраған үнсіз.
Бұл эпизодтағы тақырып — әкеидея — тоңмойын қаталдық.
Бұдан былайғы эпизодтар да осылайша әрқайсысы бір тақырып пен бір 
идея құрап, өз ара тұтасып, өріліп, өрби береді. Сонда байқасақ, бір шығармада 
бірнеше тақырып, бірнеше идея болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет