191
10-т ақырып
МАКРОЭКОНОМИКА. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ
РЕТІНДЕ
Мақсаты: экономикадағы зерттелетін негізгі мәселелерді
макроэкономикалық
талдау тұрғысынан зерттей келе, негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерге жалпы шолу жасау және ұлттық
экономикадағы табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым
үлгісін қарастыру.
Талқылау сұрақтары:
10.1. Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсат-
тары,
құралдары, талдау ерекшеліктері;
10.2. Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың
шеңберлі айналымы;
10.3. Ұлттық шоттар жүйесіндегі
негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері;
10.4. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі.
Негізгі ұғымдар: макроэкономика, макроэкономикалық талдау,
агрегаттау, макроэкономикалық саясат, ұлттық шоттар жүйесі, жалпы
ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке
табыс, қолда бар табыс, бағалар индексі, тұтыну қоржыны, атаулы
жалпы ішкі өнім,
нақты жалпы ішкі өнім, т.б.
10.1. Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы,
мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
Экономикадағы негізгі зерттелетін мәселелер микроэкономикалық
және макроэкономикалық талдау тұрғысынан қарастырылады.
Экономикалық талдаудың осындай екі түрін алғаш рет бөліп көрсет-
кен норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш
(1895-1973) болды. Ал макроэкономикалық талдаудың негізін салушы
және қазіргі макроэкономика ғылымының атасы, ағылшын экономисі
Джон Мейнард Кейнс болып табылады. Оның «Жұмыспен қамтудың,
ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде
макроэкономикалық талдаудың негізгі сұрақтары және экономикаға
мемлекеттің араласу заңдылықтары кеңінен зерттеледі.
Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді
(жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын
192
және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде
зерттейтін экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.
Ұлттық экономиканың негізгі мәселелері – елдегі нарықтық
шаруашылықтың жалпы бейнесін көрсететін макроэкономикалық
талдаудың саласы. Макроэкономикалық
талдау арқылы ұлттық
экономикада болып жатқан күрделі өзгерістер, экономикалық
саясатты әзірлеу шаралары қарастырылады.
Макроэкономикалық
үдерістер бүгінгі күні қандай да бір ұлттық экономиканың дамуының,
жетістіктерге жетуінің және дағдарысқа ұшырауының аса маңызды
көрсеткіші ретінде саналады. Макроэкономикалық талдау тұтас
алғанда тек қоғамдық деңгейде ғана, яғни мемлекеттік экономикаға
араласуымен шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді алға
тартады.
Достарыңызбен бөлісу: