Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет2/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ 
ӘДІСІ
Мақсаты: экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, 
объектісі мен субъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдістерін, 
құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалық теорияның 
ғылым ретінде қалыптасуын жан-жақты қарастыру.
Талқылау сұрақтары:
1.1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері;
1.2. Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар;
1.3. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму 
кезеңдері;
1.4. Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын 
қызметтері.
Негізгі ұғымдар: экономия, саяси экономия, меркантилизм
физиократизм, классикалық саяси экономия, марксизм, неоклассика-
лық теория, маржинализм, кейнсиандық мектеп, монетаризм, 
институционализм, қоғамдық таңдау теориясы, экономикс, эконо-
микалық теория, экономикалық теорияның зерттеу пәні, экономикалық 
теорияның зерттеу аясы, экономикалық теорияның зерттеу объектісі 
мен субъектісі, экономикалық заңдар, экономикалық категориялар, 
экономикалық теорияның әдістері, экономикалық саясат, позитивті 
талдау, нормативті талдау, т.б.
1.1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
Адамзат баласының даму тарихында терең қозғаушы күш ретінде 
материалдық игіліктерді өндіру үдерісі табылған. Қоғам тек осы 
өндірістік үдерістерді жүзеге асыру және үнемі үздіксіз жаңартып 
отыру арқылы ғана тіршілік ете алады және дами алады. Сондықтан 
экономика кез келген қоғамның іргетасы болып табылады. Адамзат 
әрқашанда экономикамен және экономикалық таңдау жағдайында өмір 
сүреді. Демек, осының негізінде ғана экономикалық саясат, ғылым 
мен білім, дін, өнер сияқты салалар жұмыс істей алады.
Қазіргі уақытта, экономика әрбір адамның өміріне дендеп кірді 
және адамдардың өздері экономика жайлы көбірек білуге ұмтылып 
келеді.


6
Экономика дегеніміз не? «Экономия» ұғымы және одан туындай тын 
«экономика» сөзі ежелгі гректің «ойкос, экос» – үй, үй шаруашылығы 
және «номос» – заң, заңдылық деген сөздерінен құралады. Олай 
болса, экономика – бұл шаруашылықты басқару ережелері мен 
заңдылықтары. Ал, экономикалық ғылым – шаруашылықтың даму 
заңдылықтары туралы ғылым.
Экономикалық ғылымды, яғни экономикалық теорияны зерттеудің 
мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет