Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


-сурет. Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік 2



Pdf көрінісі
бет174/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

11.3-сурет. Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік
2
Әлеуетті жалпы ішкі өнім – бұл толық жұмысбастылық пен экономикада ресурс-
тар толық қамтылған жағдайда қол жеткізілетін жалпы ішкі өнімнің деңгейі. 


215
Е нүктесінде классикалық үлгі бойынша макроэкономикалық тепе-
теңдік қалыптасады. Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік 
автоматты өзін-өзі реттейтін нарықтың тетігі ретінде қарастырылады 
және ол мемлекеттің экономикаға араласуын қаламайды. Сэй заңын 
алға тартатын осындай идеяны А.Смит, Д.Рикардо, Дж.Ст.Милль, 
А.Маршалл және А.Пигу сияқты классика-лық және неоклассикалық 
теорияның өкілдері жақтайды.
Кейнстік үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісі 
классикалық үлгіге мүлдем қарама-қарсы болып табылады. 
Кейнс өзінің теориясында Сэй заңын қатты сынға алды және ол 
экономикаға мемлекеттің араласуын жақтады. Оның айтуынша, 
бір жылда өндірілген жиынтық өнім толығымен сатылмауы және 
сатып алынбауы мүмкін, яғни табыстар мен шығындар бір-біріне 
тең болмайды. Осы кезде кейбір адамдар жұмыссыз қалады және 
өндіріс қысқарады, ал соның салдарынан экономикада дағдарыс орын 
алады. Экономикалық дағдарыс жағдайында жиынтық ұсынысты 
емес, керісінше жиынтық сұранысты ынталандыру қажет, олай болса, 
сұраныс ұсынысты тудырады. 
Жалпы алғанда, кейнстік үлгі қысқа мерзімге сәйкес келеді. 
Қысқа мерзімді кезеңде жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің 
әлеуетті деңгейіне сәйкес келмейді және сұраныс өзгергенде бағалар 
деңгейі өзгермейді және жиынтық өнім көлемі өзгеріске ұшырайды. 
Экономикалық дағдарыс кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы 
арқылы жиынтық сұранысты арттыруды ынталандыру қажет, соған 
байланысты жиынтық сұраныс жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің 
әлеуетті деңгейіне жеткенше дейін арта береді (11.4-сурет).
11.4-сурет. Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік
Е нүктесінде кейнстік үлгі бойынша макроэкономикалық тепе-
теңдік қалыптасады. Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік 


216
жиынтық сұранысты реттеуге негізделген және мемлекеттің 
экономикаға араласуын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет