Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет6/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

4. Баланстық әдіс. Бұл әдіс бірқатар нарықтардың (әсіресе, шикізат 
нарықтарының) өзгеру жағдайларын болжау үшін қолданылады. 
Оның мәні сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін орнатудан көрінеді. 
Өткен жылдардың берілген мәліметтері негізінде алдағы жылдарға 
өндіріс пен тұтынудың болжамдық балансы жасалады. Мұнда өткен 
жылдардағы шикізат қоры, ішкі тұтыну деңгейі және өнім көлемі 
есепке алынады.
5. Экстрополяция. Бұл әдіс зерттеліп отырған экономикалық 
құбылыстың өткенгі және бүгінгі даму заңдылықтарын талдауға 
және оны болашақта қолдануға негізделеді. Бұл жерде берілген 
құбылысқа тән сипатты негізгі арақатынастар, пропорциялар және 
өсу қарқыны болашақта үлкен сеніммен маңызды түрде орын алады 
деп болжанады. Олай болса, экономикалық жағдайларды болжау 


10
мақсатында қолданылатын экстрополяция әдісі өткеннің тәжірибесін 
есепке алуды қарастырып, оны экономикалық дамудың объективті 
заңдылықтары ретінде сипаттайды.
1.2. Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Зерттеліп отырған құбылыстардың мәні экономикалық заңдар мен 
экономикалық категорияларда нақты көрініс табады.
Экономикалық заңдар – бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты 
түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен 
құбылыстар. Экономикалық заңдар қоғамдық өнімді өндіру, бөлу, 
айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қатынастардың 
даму заңдары болып табылады.
Қоғамның даму заңдары – экономикалық заңдар мен табиғат 
заңдарының ортақ белгілері мен айырмашылықтары болады. Бұларға 
тән ортақ белгілері болып экономикалық заңдар табиғат заңдары 
сияқты объективтік заңдар ретінде табылуы, яғни адамдардың 
еркі мен санасынан тыс тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал 
айырмашылықтары – экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекеті 
мен қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек әрекеттерінің 
үдерісінде туып, осы үдерістер арқылы жүзеге асырылады. Табиғат 
заңдары (мысалы, бүкіләлемдік тартылыс заңы) болса, адамдар 
қоғамынан тыс жағдайда да әрекет ете береді.
Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшелігі) ұзақ 
мерзім бойы өмір сүретін мәңгілік заңдар емес. Экономикалық заңдар 
тарихи тұрғыда белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп 
отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан 
тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық жағдайлардың 
өзгерісімен тікелей байланысты болып табылады. Экономикалық 
заңдар объективтік сипатқа ие болғандықтан, адамдар осындай 
заңдарды талдап, танып біле алады және өздерінің экономикалық 
өмірлерінде пайдалана алады. Адамдар экономикалық құбылыстар 
мен үдерістердің мәніне терең үңіле отырып, олардың даму заңдарын 
ашып, әрекет ету тетіктерін ұғынып отырады. Қоғам саналы түрде 
осы заңдардың талабын жүзеге асырады.
Сонымен, экономикалық заңдардың объективтік сипаты – олар 
жекелеген индивидтердің, фирмалардың немесе мемлекеттің еркінен, 
санасынан және қалауынан тыс орын алады және әрекет етеді. Мұндай 
заңдарды экономикалық ғылымның көмегімен танып білуге болады, 


11
бірақ оларды сол экономикалық ғылыммен жасауға болмайды. 
Экономикалық заңдарды анықтау экономикалық теорияның аса 
маңызды қызметтеріне жатады және олардың тәжірибелік маңызы 
зор болып табылады, себебі осындай заңдарды талдаудың негізінде 
тиімді экономикалық саясатты қалыптастыруға болады.
Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономика-
лық категорияларды да зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет