262
Филлипс қисығы жұмыссыздық деңгейінің шығындардың
бір элементі болып табылатын жалақының көтерілу мүмкіндігін
шектейтіндігін көрсетеді. Жалақының өсуінің шектелуі бағалар
деңгейіне әсер етеді.
Филлипс қисығы инфляцияның қарапайым бір факторлы үлгісін
көрсетеді. Инфляция жұмыссыздықтың функциясы болып табылады:
π = ƒ (u), мұнда, π – инфляция; u – жұмыссыздық.
Алайда, бағалардың қозғалысына тек жалақы ғана әсер етпейді.
Инфляция теориясы жалғыз ғана себеппен шектелмейді. Жалақы
оның тек бір бөлігі ғана, және шығындардың аз көлемін қамтиды.
Инфляцияның басқа да себептерін ескермеу Филлипс теориясына
стагфляция деген құбылысты түсіндіруге мүмкіндік бермеді. Егер
Кейнс бойынша инфляция мен жұмыссыздықтың арасында таңдау
болса, онда 70-жылдары екі құбылыс та қатарынан орын алды,
яғни жұмыссыздықпен бірге инфляция да өрши түсті. Сол кездері
жұмыссыздықтың жоғары деңгейі бағалардың маңызды түрде
өсуімен ұласты. Ал 1983-1991 жылдары инфляция да, жұмыссыздық
та төмендеді.
Достарыңызбен бөлісу: