296
Тәжірибе сабағының жоспары:
Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған,
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап
беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.
Мақсаты: мемлекеттің қаржы, салық және ақша жүйелерін
талқылау, мемлекет саясатының түрлерін қарастыру. Ол үшін тәжірибе
сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
14.1. Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы;
14.2. Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері.
Лаффер қисығы;
14.3. Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары;
14.4. Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі;
14.5. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы.
Студенттің өзіндік жұмыстары
Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.
1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
Достарыңызбен бөлісу: