24. Протекционизмнің артықшылықтарына төмендегілердің қайсысын жатқыза алмаймыз: А) Бағалардың өсуі, тауарды таңдаудың аз болуы
В) Демпингтен қорғау
С) Жаңа салаларды қорғау
D) Сауда балансының теңдігі
Е) Өндірістің ұлғаюын ынталандыру
25. Қазақстанның әлемдік беделін арттыруға мынадай факторлар мүмкіндік береді: А) Тәуелсіздікті нығайту
В) Саяси тұрақтылық
С) Территориялық тұтастықты сақтау
D) Экономикалық даму үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз
ету
Е) Осы аталғандардың барлығы дұрыс
26. Егер белгілі бір елдің валютасы кез келген шетелдік валютаға шексіз айырбасталатын болса, онда бұл: А) Еркін айырбасталу
В) Бөлшектеліп айырбасталу
С) Ішкі айырбасталу
D) Сыртқы айырбасталу
Е) Қатаң айырбасталу.
27. Сингапур: А) Дамыған индустриалды елге жатады
В) Жаңа индустриалды елге жатады
С) Мұнай экспорттаушы ел болып табылады
D) Өтпелі экономикалық ел болып табылады
Е) Экономикалық жағынан артта қалған ел болып табылады
28. Халықаралық еңбек бөлінісі: А) Салыстырмалы артықшылықтар теориясымен байланысты
В) Абсолютті артықшылықтар теориясымен байланысты
С) Жұмыс күшінің миграциясымен байланысты
D) Капитал миграциясымен байланысты
Е) Тауар өндірушілердің шарттарымен байланысты
29. Егер экспорттық кеден бажын енгізу орын алса, онда: А) Ел ішінде сол тауарды тұтыну көлемі артады
В) Ішкі баға деңгейі әлемдік баға деңгейіне қарағанда жоғары-
лайды
331
С) Сол тауардың өндірісі ұлғаяды
D) Таза экспорт көлемі артады
Е) Сол тауардың өндірісі қысқарады
30. Салыстырмалы артықшылықтар теориясын алғаш рет кім ұсынды? А) А. Смит
В) Д. Рикардо
С) В. Леонтьев
D) А. Маршалл
Е) М. Портер.