Лоренц қисығы – экономикада тұрғындар табыстарының
бөлінуіндегі теңсіздіктерді анықтауға көмектесетін қисық сызық.
Макроэкономика – экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін
және жалпы экономикалық көрсеткіштерді қолданатын экономикалық
ғылымның бір саласы.
Мамандандыру – индивидтің, фирманың, аймақтың немесе
мемлекеттің тауарлар мен қызметтердің белгілі бір нақты түрлерін
өндіру үшін ресурстарды мақсатты түрде қолдануы.
Маржинализм – шекті табыстар мен шекті шығындарды
салыстыруды зерттейтін шешім қабылдау теориясы.
Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік табыстар мен шығындарды
зерттей-тін экономикалық теорияның бір бөлімі.
Мемлекеттік қарыз – осы уақытқа дейін жинақталған бюджет
тапшылықтарының жалпы сомасы; үкіметтік мемлекеттік бағалы
қағаздар иелеріне деген қарыздарының жалпы көлемі.
Мемлекеттік меншік – орталықтандырылған мемлекетке немесе
үкіметке тиесілі жер және капитал түріндегі меншіктің белгілі бір
нысаны.
Мемлекеттік сатып алымдар – мемлекеттің соңғы тауарлар мен
қызметтерді сатып алуына жұмсайтын ақшалай төлемдері.
Мемлекеттік сектор – мемлекетпен және үкіметпен бақыланатын
ел экономикасының бір бөлігі.
Мемлекеттің дәрменсіздігі – мемлекеттік сектордың (үкіметтің)
өз міндеттері мен қызметтерін экономикалық жағынан тиімсіз әдістер
арқылы орындау салдарынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
шеше алмауы.
Меншікті капитал – фирманың жиынтық активтері мен жиынтық
пассивтері арасындағы айырма; фирма иегерлерінің активтердің
жалпы көлеміндегі үлесі.
Микроэкономика – жекелеген экономикалық субъектілердің
нарықтағы мінез-құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін және нақты
бағаларды, нақты тауарлар мен қызметтерді, жекелеген нарықтарды
қарастыратын экономикалық ғылымның бір саласы.
Монетаризм – кейнстік бағытқа қарсы сын айтушы балама
теория; жиынтық өнім көлемі мен бағалар деңгейінің өзгеруі ақша
ұсынысының өзгеруіне байланысты екендігін көрсететін бағыт.