Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет29/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Еңбек – бұл өндіріске тартылатын жұмыс күшінің жиынтығы 
ретінде қарастырылатын адамның интеллектуалдық және физикалық 
іс-әрекетінің жиынтығы.
Капитал – өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің 
материалдық формасы ретінде саналатын машиналар, құрал-
саймандар, қоймалар, көлік және байланыс құралдары, т.б.
Жер – бұл табиғи байлықтар, жердің қыртысы, пайдалы қазбалар, 
орман және су ресурстары, жыртуға жарамды жерлер түрінде 
қарастырылатын табиғи ресурстардың жиынтығы.
Кәсіпкерлік қабілет – өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау 
жасау бойынша шешуші әрекет ретінде қарастырылатын ерекше 
фактор.
Қазіргі кездері осы аталған өндіріс факторларының қатарына 
менеджмент пен ақпарат ресурстарын қосады. Менеджмент – бұл 
идеялар, модельдер, инновациялық өнім үлгілері, технологиялар, 
ұйымдастыру нысанында көрінетін ерекше ресурс. Ақпарат 


38
технологиялық жаңарудың қозғаушы күші, өндіріске жаңа идеяларды 
және жобаларды енгізудің көзі ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, қазіргі экономистер өндіріс факторларына 
сәйкесінше, экологиялық факторды және уақытты жатқызады. 
Экологиялық фактор бұл жерде экономикалық өсудің импульсі 
ретінде қоршаған ортаның ластануымен байланысты өндіріс 
мүмкіндігінің шектеулілігін түсіндіреді. Уақыт факторы да өндірісте 
қолданылатын және оның тиімді жұмсалуын көрсететін шектеулі 
ерекше ресурс ретінде көрінеді.
2.3. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. 
Үнемділік
Уақыттың әрбір нақты кезеңінде экономикалық ресурстардың 
шектеулілігі мәселесі орын алады. Ресурстардың шектеулілігі – 
барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру 
мүмкін еместігінің көрсеткіші. Ресурстардың шектеулілігі қоғам 
алдында экономикалық таңдау мәселесін туындатады. Ол әр өндіріс тің 
ресурстың шегінің болуымен және экономикалық мақсаттардың көп 
болуымен түсіндіріледі. Сондықтан ресурстар шектеулі болғандық тан 
оларды тиімді пайдалану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет