Ӛзіңіз ғана оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата21.11.2022
өлшемі0,8 Mb.
#51475
1   2
Байланысты:
Қайта оралған ән Илья Жақанов

Эпилог ретінде 
 
Біз Алматыға келген соң кӛп уақытқа дейін Айнагүл мен Асқардан жиі-жиі хат алып 
тұрдық. Бір күндері хат тыйылды да қалды. Неше рет хат жаздық. Хабар болмады. Бұл 
қалай? Әлде олар басқа жаққа кӛшіп кетті ме? Олай болған жағдайда да, хабар-ошарсыз 
кетпес еді ғой. Адресінен шатастық па? Ол тіпті мүмкін емес. Ӛстіп дағдарумен талай 
күндер ӛтті…
Бір күні Асқардан хат алдық… Бәрін оқып берейін… 
…«Меңсүлу! Ибрағим! Бұл хатты жазудың маған соншалықты азап екенін білсеңдер, 
шіркін! Бірақ адамның еркінен мықты ешнәрсе жоқ! Сендер жүз рет сәлем жолдағанда, 
бір рет жауап бермесем онда менің не болғаным? Рыбачьеде азынаған қара суық. Аққулар 
жылы жаққа баяғыда ұшып кеткен. Қазір Ыстық кӛлдің үстінде шаңқылдаған шағала мен 
қасқалдақтар ғана қалды. Кӛл мазасыз, тулап, бүлініп жатыр. Аптадан асып барады 
қытымыр долы жел әлі толастаған жоқ. 
Үй де ӛз орнында. Үйде Марат екеуміз ғана отырмыз. Оның бұрынғы еркелігі қалған. 
Үндемейді. Мінезі ауыр бола ма, қайдам. Менің қас-қабағыма кӛп қарайды. Біз 
байқамайды екенбіз, бала дегеніңіз күн санап ӛсетін кӛрінеді. Кӛп нәрсені Маратпен 
ақылдасуыма тура келіп жүр… Мен енді бәрін түсіндім. Бәріне зердем жетті. Бәрін ақылға 
жеңдірдім. Мен де азаматпын. Менде де жүрек пен жан бар. Менде де намыс пен ар бар. 
Менде де пендешілік бар. Бірақ, мұның бәрі Айнагүлдің Бейшенге деген махаббатының 


қасында түк те емес! Ендігі жағдайда Айнагүлдің Бейшенсіз ӛмір сүруі де қызықсыз 
болатындығына кӛзім анық жетті. О, менің ғазиз бауырларым, Марат пен мен үшін 
Шолпан тіріліп келгендей еді ғой! Оның несін айтайын. Кімнің кӛз жасына қалмақпын? 
Ӛз бағымды ойлап біреуді шерменде қылып зарықтырғаннан не опа таппақпын? Жанның 
бәрі ӛзіміздей емес пе? Айнагүлге тағар кінәм бар ма? Жоқ! Мұндай жаны ізгі әйел ӛмірде 
сирек кездеседі! Қаршадай баламмен еркекпен еркекше сӛйлескім келді. Қанша оқталсам 
да батылым бармай-ақ қойды…
Күн демалыс болатын. Айнагүл күндегі әдетінше түскі асты дайындап ауыз үйде 
жүрген. Мараттын бӛлмесіне кірдім. Қаннен-қаперсіз пластилиннен мүсін жасап отыр, ол 
маған кӛз қиығын да салған жоқ. 
Кӛп тұрдым. Қипақтап біресе отырдым, біресе жүрдім. Жүрек дүрс-дүрс соғып мазам 
кетті. Бір нәрсе айтуға оқталып лып басыла қоям. Ӛз балам алдында мұндай дәрменсіз 
болармын ба? 
Ақыры шыдамадым. Маратқа қарама-қарсы жүремнен отырдым да, оның жүзіне ұзақ 
қадалдым. Монтиған жаным ол да қарады. 
- Балам, мамаң бүгін жол жүреді,- дедім осы сӛзді айтуға шамам зорға жетіп. 
- Қайда, папа? 
-Алысқа. 
- Мен де барам ба? Не десем екен? Тағы да алдамақшымын ба? Қа- 
шанғы алдаймын? Енді оған арым бара ма? Олай ету еш мүмкін емес. 
- Мен де барам ба, папа? Айтшы… Неге үндемейсің? 
- Сен үлкен жігіт болдың, балам… Сен папаңды… 
- Иә, иә… Мен де барам… 
- Сен папаңды дұрыс түсін… Ақылды едің ғой… 
- Мен де барам, мама!!! - деген Мараттың ащы даусынан құлағым тұнып кетті. 
- Жылама, Марат! Ол… ол… Сенің мамаң емес! Бұл сӛзді қалай айтып қалдым, ӛзім де 
білмеймін. 
- Папа, қалайша? Мама! Мама! - деп шырқырады Маратым. 
Ауыз үйден Айнагүл жүгіріп келді. Ӛксігін күшпен тежеген Марат тӛгіліп бара жатқан 
жасын кішкене кірпігінің үстінде дірілдетіп, мелшиіп тұрып алды. Томсырайып, кӛз 
алдымда ӛңі қашып, жүдеді де қалды. Маратқа үмтыла берген Айнагүл кӛкірегінен біреу 
итергендей кілт тоқтады. Марат жыламады… Үшеуміз соңғы рет шай іштік. 
Бәрінен де қоштасуымыз қиын болды. Мен де бар жаныммен сүйіппін Айнагүлді! 
Кӛптен бері салқын тартқан жүрегімнің де оттай жанғанын енді сезгендеймін. Қиғым 
келмейді… Ӛз жүрегіне ӛзі қиянат жасаудан ауыр қорлық болар ма? Бірақ, амал не? 
Кенет Айнагүл Маратты құшақтай алып, оны үнсіз құшып сүйе берді. «Айнагүл қалшы… 
Кетпеші…» деп айта жаздап барып, ӛзімді әрең тоқтаттым! Еркім қайда, япыр-ау, еркім 
қайда! Әбден іштей тынып қалған байғұстар бірінің-бірі кӛз жасын сүртіп, бірін-бірі 
жұбатып біраз отырды. Білем, мауқы басылған жоқ. Басылмайды да!!! 
Дидарын кӛрмесем де маған бір түрлі Бейшен елестеп кеткендей болды осы сәт. Айнагүл 
бізге жаутаң-жаутаң қарап, алыстай берді… Мұның бәрі басқа түгіл сендерге де таң 
кӛрінер. Бар жағдай осы… Кӛнем де бәріне! Ӛмірде кӛргенімізден кӛреріміз кӛп емес пе? 
Айнагүл Бейшенге кетті! Сенем, ол бақытын енді табады! Мен тек оларға бақыт 
тілеймін!»… 
Рыбачье - Алматы 
1965 жыл, февраль - май. 


ИЛЬЯ ЖАҚАНОВ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет