28
аяқталғаннан кейін 45 күнтізбелік күн ішінде емтихан тапсыруы керек. Олай болмаған
жағдайда, білім алушы академиялық саясат ережелерін бұзғаны үшін университеттен
шығарылады.
1.15.43.
Курстың толық бағдарламасын аяқтаған, бірақ ең төменгі өту балын алмаған
білім алушыға орташа GPA жоғарылату мақсатында, жазғы семестрде ақылы негізде жеке
пәндерді қайта оқып, олар бойынша қорытынды емтихандарды тапсыруға мүмкіндік
беріледі.
1.15.44.
Белгіленген GPA баллына жеткен білім алушылар университет Басқарма
төрағасы – ректорының бұйрығымен келесі курсқа жіберіледі. Курстан курсқа ауысу үшін
талап етілетін GPA деңгейі оқу жылының басында университеттің Ғылыми кеңесімен
белгіленеді. Белгіленген GPA балын алмаған білім алушы ақылы негізде қайта оқу
курсында қалады.
1.15.45.
Мемлекеттік білім грантының иегерлері екінші оқу жылына қалдырылған
жағдайда, білім грантынан айырылып, ақылы негізде әрі қарай оқуын жалғастырады.
1.15.46.
Аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелері бойынша білім
алушыларға барлық емтихандарды «А», «А-», «В +», «В», «В-», С + «жақсы» бағаларымен
тапсырған жағдайда стипендия беріледі. «FX»-ті дұрыс бағаға («өте жақсы» немесе
«жақсы») қайта тапсыру стипендияның тағайындалуына әсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: