Академиялық саясат


  БОС БІЛІМ ГРАНТТАРЫНА АУЫСУ



Pdf көрінісі
бет28/34
Дата22.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#51706
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Байланысты:
Академиялық саясат

1.24. 
БОС БІЛІМ ГРАНТТАРЫНА АУЫСУ 
1.24.1. 
Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары білім беру 
бағдарламалары бөлінісінде осы білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім 
алушыларға конкурстық негізде тағайындалады.
1.24.2. 
Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру грантын 
тағайындау туралы куәлік берумен өткізіледі. 
1.24.3. 
Білім алушыларды аралық аттестаттау қорытындысы бойынша босаған білім 
беру гранттары туралы ақпаратты Студент офисі "УНИВЕР" жүйесінде және аралық 
аттестаттау қорытындысы шығарылғаннан кейін университеттің сайтында орналастырады. 
1.24.4. 
Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде үлгерімнің орташа 
балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- ("өте жақсы") бағалары, одан 
кейін А, А- ("өте жақсы") - дан В+, В, В - ("жақсы") - ға дейінгі бағалары бар білім алушылар 
басым құқыққа ие болады. 
1.24.5. 
Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім гранттарын тағайындау жазғы 
және қысқы демалыс кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен 
жүзеге асырылады: 
1) ақылы негізде білім алушы факультет деканатына университет Басқарма төрағасы 
– 
ректорының атына білім гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш береді; 
2) университет осы өтінішті конкурстық негізде қарап, университеттің Ғылыми 
кеңесінің шешімімен бірге ағымдағы жылдың 5 тамызы мен 15 қаңтарына дейінгі мерзімде 


41 
оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне шешім қабылдау үшін 
жібереді. Білім алушының өтінішіне Ғылыми кеңестің шешімімен бірге білім алушының 
сынақ кітапшасынан немесе транскрипт көшірмесі, оның жеке басын куәландыратын 
құжаттың көшірмесі және университеттен шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі 
(түпнұсқа) қоса беріледі.; 
3) бос білім гранттарына үміткерлер туралы ақпарат университет сайтында және 
"УНИВЕР" жүйесінде орналастырылады; 
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі түскен құжаттарды оқуға 
түскен жылын ескере отырып, мамандықтар, оқу нысандары мен мерзімдері бөлінісінде 
қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын тағайындау туралы бұйрық 
шығарады; 
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бұйрығының негізінде 
Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік ресімделеді; 
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бос білім 
беру гранттары тағайындалған ҚазҰУ білім алушыларының ішінен үміткерлер туралы 
ақпарат "УНИВЕР" жүйесінде және университет сайтында мүдделі тұлғалардың назарына 
орналастырылады.; 
7) білім беру грантын тағайындау туралы берілген куәлік негізінде Басқарма төрағасы 
– 
ректор одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға бұйрық шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет