Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет284/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   295
Таза ішкі өнім – жалпы ішкі өнім мен амортизациялық аударымдар 
арасындағы айырма.
Таза экспорт – экспорт пен импорттың айырмасы.
Тарифтік емес тосқауылдар – мемлекеттің елдер арасындағы 
сауда түрлеріне шек қоюды енгізетін кедергілері: импорттық квоталар, 
лицензиялар, стандарттар, еркін экспорттық шектеулер, т.б.
Тапшылық – берілген бағалар (тепе-теңдік бағадан төмен) кезінде 
өнімге деген сұраныс көлемінің оның ұсыныс көлемінен артып кетуін 
білдіретін шама.
Тауарлар нарығы – фирмалар өндірілген өнімдерін сататын және 
үй шаруашылықтары сол өнімдерді сатып алатын нарық.
Тепе-теңдік баға – бәсекелес нарықтарда сұраныс көлемі мен 
ұсыныс көлемін теңестіретін баға.
Тепе-теңдік көлем – бәсекелес нарықтарда тепе-теңдік баға 
кезіндегі сұраныс пен ұсыныс көлемі.
Технология – тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолдануға 
болатын білімдер мен тәжірибелер жиынтығы.
Толық жұмысбастылық – тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін 
қажетті барлық жарамды ресурстарды қолдану; циклдік жұмыссыздық 
нөлге тең болып, нақты жалпы ішкі өнім өзінің әлеуетті деңгейіне 
тең болғанда және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі ғана сақталатын 
кездегі жұмысбастылықтың деңгейі.
Толық емес жұмысбастылықэкономиканың қолданылатын 
ресурстар арқылы тауарлар мен қызметтердің максималды көлемін 
өндіре алмауы.


350
Төлем балансы – белгілі бір уақыт аралығында шетелдік 
мемлекеттерге төленген жалпы төлемдер мен шетелдік мемлекет-
терден алынған жалпы төлемдер арасындағы айырма.
Төлем балансының тапшылығыағымдық операциялар 
балансы мен капитал қозғалысы балансының теріс сальдосы.
Тігінен бірігу – дайын өнім өндірісінің әртүрлі сатыларын жүзеге 
асыра-тын бір фирманың меншігі болып табылатын кәсіпорындар 
тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет