Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Ұсыныс заңы – тауардың бағасы мен оның сатылу көлемі  арасындағы тура байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. Ұсыныс қисығы



Pdf көрінісі
бет286/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Ұсыныс заңы – тауардың бағасы мен оның сатылу көлемі 
арасындағы тура байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным.
Ұсыныс қисығы – сатушының белгілі бір уақыт аралығында 
әртүрлі бағамен тауардың немесе қызметтің қанша көлемін сата 
алатындығын көрсететін қисық сызық.
Ұсыныс инфляциясы – жалақының көтерілуі мен шикізат 
бағаларының өсуі салдарынан өндірістің нақты көлемі мен 
жұмысбастылықтың қысқаруына байланысты жиынтық ұсыныстың 
төмендеуі нәтижесінде туындайтын инфляция.
Ұсыныс көлемі – сатушының белгілі бір уақыт мезетінде белгілі 
бір бағамен сатуға ұсынатын тауарларының немесе қызметтерінің 
жалпы шамасы.
Ұсыныс экономикасы теориясы – инфляция мен жұмыссыздық 
мәселесін шешуде «шығындар» және «жиынтық ұсыныс» ұғым-
дарына көбірек көңіл бөлетін қазіргі макроэкономикалық теорияның 
бір бөлімі.
Ұсыныстың бағалық икемділігі – тауар ұсынысының пайыздық 
өзгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы; тауар 
бағасының өзгеруіне ұсыныс көлемінің өзгеру реакциясы.
Үй шаруашылығы – экономиканы қажетті ресурстармен 
жабдықтайтын және сол үшін ақша алып өз қажеттіліктерін 
қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтерді сатып алатын 
бір немесе одан да көп тұлғалардан тұратын экономикалық бірлік.
Үкіметтің трансферттік төлемдері – үкіметтің біржақты 
жұмсайтын ақшалай көмек шығындары.
«Үлкен сегіздік» – экономикалық мәселелерді шешу және 
экономикалық саясатты үйлестіруге талпыныстар жасау үшін 
басшылары үнемі бас қосып отыратын өнеркәсібі дамыған елдер 
(АҚШ, Жапония, Алмания, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада 
және Ресей) тобы.
Ішкі қарыз – мемлекеттің өз елі ішіндегі азаматтарына
фирмаларына және мекемелеріне деген борышы.
Филлипс қисығы – жұмыссыздық деңгейі мен бағалар деңгейінің 
өсуінің жылдық қарқыны (инфляция) арасындағы байланысты 
сипаттайтын қисық сызық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет