Тақырыбы: Лизосома Мақсаты: 1. Лизосомалардың ультрамикроскопиялық құрылысын зерттеу.
2. Лизосомалардың түрлерін ажырата білу.
1-ші тапсырма: Тышқанның бүйрек каналдары клеткасының қышқыл фосфатаза препаратын микроскоп астында қарап, зерттеп, суретін салу. Теориядан
белгілі қышқыл фосфатаза ферменті лизосомаларда болады. Егер клеткада қышқыл
фосфатаза болса, онда қоңыр немесе қызыл-қоңыр түске боялып, цитоплазмада көрінеді.
Лизосомалар цитоплазманың барлық учаскелерінде кездеседі.
2-ші тапсырма: Электронды микросуреттерді қарап, суретін салу. Суретте
мембранамен қоршалған дөңгелек қара дақ төріздес күйде болады. Олар 3 кабатты
құрылым болып, іш жағында қатты, тығыз учаскелері болады. (18-сурет).
18-сурет. Лизосомалар. Егеуқұйрықтың, лимфа түйініндегі макрофаг цитоплазмасы бар бөлігінің электронды микросуреті. х 26000. 1-электронды тығыз бөліктері бар лизосомалар; 2-митохондриялар; 3-эндоплазмалык, тор (Ю.В.Машковцев бойынша). 3-ші тапсырма: Лизосомалардың пайда болуын және қызметін көрсететін үлгіден
Гольджи аппаратының, секретті түйіршіктердің, лизосомдардың байланысының суретін
салыңыздар (19-сурет)
19-сурет. Клетка ішіндегі ас қорытылуы. 1-фагоцитоз; 2-пиноцитоз; 3-фагосома; 4-біріншілік лизосома; 5-лизосоманың фагосомамен қосылуы; 6-фаголизосома; 7-митохондрия; 8-эндоплазмалык тор; 9-Гольджи