Сабақ Тақырыбы: Клетканы зерттеу әдістері. Микроскоптың түрлері құрылысы, пайдалану тәртібі


-ші тапсырма: Амфибилердің бауыр клеткасындағы митохондриялар



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата22.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#51779
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Зертханалык жумыс (1)

5-ші тапсырма: Амфибилердің бауыр клеткасындағы митохондриялар. 
Альтман тәсілімен боялған. Кіші ұлғайтқышқа қойып көп бұрышты бауыр клеткаларын, 
бірден көзге түсетін бір-екі ядросын көруге болады. Үлкен ұлғайтқышқа ауыстырып 
қарағанда, цитоплазма қызғылт түйіршік тәрізді шашырап жатқан митохондрияларды 
байқайсыздар. Көпбұрышты бауыр клеткасының суретін салып митохондрияларды 
белгілеңіздер (25-сурет). 
25-сурет. Амфибилердің бауыр клеткасындағы митохондриялар: 1-ядро; 2- 
митохондриялар. 
 
Ескерту: митохондриялардың клеткада таралу ерекшеліктеріне, цитоплазманың
кейбір участкелерінің функциональды активтілігіне, клеткалық процестерге байланысты 
екенін дәлелдеу. 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Митохондрияның құрылысы. 
2. Митохондрияның клеткадағы атқаратын қызметі. 
3. АТФ және оның клеткадағы маңызы қандай? 
 


№ 10 зертханалық сабақ 
 
Тақырыбы: Пластидтер 
 
Мақсаты:
1. Пластидтердің ультрамикроскопиялық құрылысын зерттеу. 
2. Пластидтердің түрлерінің ерекшеліктерін анықтау. 
 
1-ші 
тапсырма: Өсімдік клеткасындағы хлоропластар. Традесканция 
жапырағының үстіңгі бетінен жұқалап кесіп алып, заттық шыныға орналастырып, үстіне 
су тамызып, жапқыш шынымен жабыңыздар. Микроскоптың үлкен көрінісіне қойып 
зерттегенде, клеткалар ішінде көптеген хлоропластар көрінеді, сонымен қатар, граналарды 
көруге болады. Суретін салып белгілейтіндеріңіз: 1) клетка қабығы; 2) ядро; 3) 
хлоропласт. 
2-ші тапсырма: Сәбіз және қызанақ клеткаларындағы хромопластар. 
Қызанақтың сыртқы қабығын кесіп алып тастап, жұмсақ ішкі жағынан жұқалап кесіп 
алып, зат шынысына орналастырып, микроскоп арқылы зерттеңіздер. Бірден көзге 
түсетіні-сарғыш келген пластидтер ядроның маңайында орналасқан. Анықтап қарағанда 
пластидтер ішінде каротин кристалдары көрінеді. Сәбіздің кесіндісінде микроскоппен 
қарағанда лейкопластарда каротин кристалдарын байқауға болады. Осы көргендеріңіздің 
суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) сыртқы мембрана; 2) ішкі мембрана; 3) 
матрикс; 4) строма ламелласы; 5) грана; 6) тилакоид (27-сурет). 

Б 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет