— 79 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
Қоқыс жинау қызметі
Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмай
жатқан мемлекеттер – дамушы елдер. Мұның
түрлі себебі бар, біріншіден
тұрмыс қалдықтарын
өндейтін технологияның жолға қойылмауы,
қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті
шығатын қалдықтардың үлкен көлемі, сонымен
қатар, адамдардың
қоқыстан болатын залалдың,
экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбеуінде.
Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын
көпшілігіміз бұның бәрі қайда кетеді деп ойланбаймыз
да. Пакеттерге тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз,
пластик
аралас салынып, толассыз тасталып жатыр.
Иә, қоқыс қалада бітпейтін мәселе. Күнделікті
тонналап тасталатын қоқыс әдетте ретсіз жиналады.
Оған тұрғындардың өзі кінәл. Осыған байланысты
жергілікті билік бұл массаны игере алмайды, қоқысты
полигондарда өртеуге қыруар ақша бөлінеді.
Қоқыстан бөлінетін улы газдар қоршаған ортаға,
адамзат саулығына зиян. Бір қарағанда бұл бағытта
ірі бизнес қана пайда табатын секілді көрінеді. Алайда
қоқыс жинау,
оны сұрыптап, жиналған «шикізаттан»
табыс табу шағын кәсіпкерлер үшін әбден мүмкін іс
болып саналады.
Қоқыс жинау бизнес ретінде тиімді тұстары:
•
Өзекті. Қазіргі таңда өте өзекті бизнес түрі.
Әрі бұл экологияға пайда әкеледі және бұл кәсіп
өз иесіне үлкен пайда әкеледі.
•
Жергілікті биліктен қолдау. Бұл саланы
қаржыландыруда жергілікті билік сіздің