Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі «ОҚушылар сарайы» шжқ мкқК



бет1/3
Дата04.04.2023
өлшемі57,67 Kb.
#79414
  1   2   3
Байланысты:
ереже фотобайкау


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ
«ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ» ШЖҚ МКҚК






«Бекітемін»
Оқушылар сарайының директоры
________________И.С.Икапова
«______»____________2023 ж.
«Түркістан Оқушылар сарайы – ЮНЕСКО клубы»
Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдық мерейтойына орай
«КӨНЕ МЕН КЕЛЕШЕК КӨПІРІ» атты
Республикалық қылқалам шеберлері және кәсіби, әуесқой фотографтар байқауының
ЕРЕЖЕСІ


І. Жалпы ережелер
Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Ақын ұзақ жылдар бойы жиған-терген ілім-білімін енді халыққа таратуды мақсат етіп, бүгінгі Түркістан қаласында біржолата тұрақтаған. Осыған орай «Оқушылар сарайы» ЮНЕСКО клубы кәсіби, әуесқой фотографтар және қылқалам шеберлерінің арасында байқау өткізеді. Байқауға қасиетті шаһар Түркістанның өткен тарихы мен бүгінгі көрінісі бейнеленетін туындылар қабылданады.


ІІ. Байқаудың мақсаты:

  • Түркістанның тарихи маңызын ашу;

  • Қатысушылардың ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін, ұлтжандылық, отаншылдық сынды патриоттық рухын қалыптастыру;

  • Дарынды жастар шығармашылығына және әуесқой фотограф мамандығына жол ашу.



ІІІ. Ұйымдастырушы: «Түркістан Оқушылар сарайы» ЮНЕСКО клубы
ІV. Қатысу шарттары:

  • Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды;

  • Байқауға қатысушылар Түркістанның өткен дәуірдегі фотосуреттері (Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, қала көріністері, қақпалары, көпірлері т.б.) және Түркістанның жаңа келбетінен фотосуреттерді түсіріп арнайы флешкаларда, электронды пошталар арқылы ұйымдастыру алқасына өткізеді және де байқау өтетін күннен алдын-ала шығарылып, А3 форматтағы рамкаға салынып алып келулері тиіс;

  • Марапаттау екі бағытта жүреді:

  • Біріншісі фотосуреттер;

  • Екіншісі қылқалам шеберлерінің жұмыстары.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет