Түгел Дастан, ЭЭ-23
1-сұрақ. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне
жол бермеу;
2) еңбек
бостандығы;
3) кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар
түрлеріне тыйым салу;
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек
жағдайларына құқықты
қамтамасыз ету;
5) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі
мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті
сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің
өздерінің құқықтары мен
мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік әріптестік;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелерін мемлекеттік
реттеу;
12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек
заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын
қамтамасыз ету болып табылады.
2-сұрақ. Негізгі сипаттамаларына және
қойылатын организмнің физиологиялык
талаптарына қарай еңбектің бөлінуі
Өндірісте еңбек шарттары 4 класқа бөлінеді. Олар:
1-класс - оңтайлы еңбек шарттары - ол күнделікті 8 сағаттык жұмыс
ауысым уақытында жұмыскерлердің
денсаулығына ауытқу әкелмей,
жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады;
2-класс - рұқсат етілген еңбек шарттары - рұқсат етілген
критерийлерімен анықталып. Күнделікті 8
сағаттық жұмыс ауысым
уақытында адамның денсаулығына зиян әкелмейді және адамның хал-
жағдайы мен жұмыс қабілеттілігі төмендейді.
3-класс - зиянды еңбек шарттары - жұмыс орындардың нормалары
гигиеналык нормалардан артуымен сипатталады.
Олар зияндылық бойынша 4 дәрежеге бөлінеді:
3.1Адам ағзасында функционалдық тұрғыдан алдын алуға мүмкіндік
бар өзгерістер туғызады;
3.2 Адам ағзасында функциноналдық тұрғыдан қалыпты өзгерістер
туғызып, оның
кемелденуіне әкелетін;
3.3 Адам ағзасында жеңіл түрдегі кәсіптік ақауларды туғызып, кәсіби
аурулар санын арттырады;
3.4 Адам ағзасында айқын түрде білінетін кәсіптік аурулардың
туғызуына ә келеді,
кәсіби аурулар санын арттырады және уақытша
еңбек ету қабілетсіздік
деңгейін жоғарылатады.
4-класс - қауіпті еңбек шарттары - олар күнделікті 8 сағаттық жұмыс
ауысым уақытында (немесе бір бөлігінде) жұмыскерлердің өміріне кауіп
төндіріп, денсаулығына зиян келтіріп, кәсіби аурулардың туғызуына
себепші болады.
3-сұрақ. Еңбектің гигиеналык принциптер бойынша жіктелуі.
Гигиеналық тұрғы бойынша еңбек шарттары 3 негізгі топқа бөлінеді.
1. Қауіпсіз
Оңтайлы (1-класс)
Рұқсат етілген (2-класс)
2. Зиянды (3-класс)
1-дәреже
2-дәреже
3-дәреже
4-дәреже
3. Қауіпті (4-класс)