Ќоланылєан јдебиеттер



Pdf көрінісі
бет1/37
Дата25.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#52683
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
stud.kz-74085



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Физика-математика факультеті
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА 
КАФЕДРАСЫ
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда 
компьютерлік графика курсын оқыту мазмұны
Қорғауға жіберілді Орындаған: Информатика
“__” ________201 ж. мамандығының 
кафедра меңгерушісі
Ғылыми жетекшісі: 
________________ ______________________
Алматы, 201 ж.


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ........................................................................................................5
1.1. Информатикадан мемлекеттiк бiлiм стандартының мазмұны мен 
құрылымы.................................................................................................................5
1.2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептің жоғарғы басқышының 
білім беру мазмұны...............................................................................................10
2-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫҢ КӘСІПКЕ БАУЛУ КУРСЫНДАҒЫ
«КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА» КУРСЫ ....................................................12
2.1. Информатиканың кәсіпке баулу курсында компьютерлік графиканы 
оқыту мәселелері...................................................................................................12
2.2. «Компьютерлік графика» курсының теориялық негіздері.........................18
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................55
ҚОСЫМША........................................................................................................56
2


КІРІСПЕ
Қазақстан білімі бүгінгі таңда мектептерде оқушыларды даярлаудың
барлық бағыттарында, соның ішінде көркемдік білім беруде құрылымдық
және мазмұндық өзгерісті басынан өткеруде. Дүниетаным мен білім беруге
байланысты жоғары кәсіби білімді реформалаудағы тұжырымдамалық
көзқараста қайта бағаланды, мемлекеттік білім беру стандарты ендіріліп,
оқытудың шарттары, формалары мен әдістері жетілдірілді. 
Оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін дамыту мен оларды
кәсіби тапсырмаларды шешуге байланысты белсенді іс-әрекеттерге даярлау
проблемасы да аса көкейкесті мәселеге айналды. Жаңа ғасырдың алғашқы
сатысынан бастап-ақ адам баласы теориялық және қолданбалы
тапсырмаларды шешуде өзіне ұнайтын жолды таңдау мүмкіндігіне қолы
жетті.
Қоғамның бүгінгі саяси-әлеуметтік, экономикалық даму деңгейі
адамның барлық кәсіби іс-әрекеттері саласында жаңа пайдалану болса
мамандарға арналған әртүрлі бағдарламалық құралдардың пайда болуына
байланысты туындап отыр. Бұның бүгінгі таңда ақпараттық технологияның
динамикалық тұрғыда дамып келе жатқан саласының бірі – компьютерлік
графикаға тікелей қатысы бар.
Компьютерлік графика - өзінің арнайы аспаптарымен болашақ маман
иелерінің шығармашылық әрекеттеріне, сондай-ақ жалпы және арнайы білім
беру саласында ерекше графикалық ақпараттық ортаны қалыптастыруда
көмектеседі. Оның маңыздылығы, әсіресе, көркемдік іс-әрекет саласы
мамандарын (суретші–дизайнер, суретші–график, суретші–монументалист
және тағы басқалары) даярлау процесінде арта түседі, өйткені ол көркемдік-
шығармашылық іс-әрекет процесіне қажетті тұлға қасиеттерін дамытудың
жетекші құралы болып табылады.
Компьютерлік графика заң мен заңдылықтарды зерттеу барысында,
көркем шығармашылықта көрініс тапқан бейнелеу, сәндік қолданбалы және
дизайнерлік өнер түрлерін жасау процесінде де негізгі құралдың бірі болып
саналады. Компьютерлердің технологиялық мүмкіндіктері олардың құнды
графикалық мүмкіндіктерімен, бейнелі реңктерімен, кеңістік формаларын екі
немесе үш өлшемдегі көрнекілікпен бейнелеудегі қабілетімен белгіленеді.
Жасалған өнімдердің кәсіби тұрғыда да, жалпы білім беру тұрғысында да
маңызы зор, өйткені ол оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
міндеттерімен өзара тығыз байланыста жүзеге асады.
3


Қазіргі сурет салу, дизайн жасау өнерінде компьютердің кеңінен
қолданылатыны бәрімізге мәлім. Соңғы 5-6 жыл аралығында компьютерлік
графика пәні жоғарғы оқу орындарында пән ретінде оқытылуда. 
Орта мектептің кәсіпке баулуда компьютерлік графика
курсын оқыту оқушылардың қызығушылығын тудыратыны сөзсіз, олай
болса
компьютерлік графика курсының мазмұны қандай болу
керек деген мәселе туындайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – компьютерлік графика курсы
бойынша теориялық сабақтардың мазмұнын анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сай мынадай
міндеттер қойылады:
- мектеп информатика пәні бойынша жасалған
Мемлекеттік білім беру стандартындағы кәсіпке баулу
курсының мазмұнына талдау жасау;
- орта мектептің кәсіпке баулу курсында «Компьютерлік
графика» курсын оқытуға талдау жасау;
- қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы
сыныпта
оқытылатын «Компьютерлік графика» курсының мазмұнын
анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшадан тұрады.
4




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет