80-ші жылдардың аяғына қарай нарық жаңа бағыт алды, ол автоматты
цифрлау, аппараттық және сканерлеу программалық жүйесін дамыту болып
табылды.
Бұл жұмысты
Ozalid машинасы атқаруы тиіс болды. Ол сызбаларды
сканерлеп, автоматты түрде векторлап, қағаз бетіне шығарып, стандартты
CAD/CAM форматына ауыстыратын болды.
Графикалық машина көбінесе векторлық ақпаратпен жұмыс істейді, ал
бейнені өңдеу негізі нүктелік ақпарат болып табылады. Қазіргі уақытта
векторлық, растрлық ақпараттармен жұмыс істеу қиындық туғызбайды.
Мәліметтерді графикалық түрде беру көптеген компьютерлер жүйесінің
ажырамайтын бөлігіне айналды. Осыған байланысты компьютерлік графика
ұғымы пайда болды.
Компьютерлік графика - программалық ақпараттық
есептеу, компьютердің көмегімен суреттерді салу, өңдеу тәсілдері мен
әдістерін оқытатын информатиканың арнайы саласы.
Достарыңызбен бөлісу: