Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет16/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Байланысты:
2 5321327818179609449

Бірінші тарау
Бастапқыда бірдеңе етіп ебін табатынбыз. 
Сыныптың игі жақсылары кітапханадан шықпай, 
ынтамен белгілі бір әдебиетке қатысты бетке ұстар 
авторлардың ойлары мен пікірлерін іздестіріп отыра-
тын. Ол кезде бізде Интернет деген атымен болма-
ды. Әлемнің озық елдерінде болған нәрсенің бізге әлі 
аяғы жетпеген заман еді.
Ақыр соңы кітапхананың барлығымызды эпиграф-
тармен қамти алмайтын уақыты да келді. Не істеу ке-
рек? 
Сол кезде «Бұл эпиграфтарды неге өзім жазбасқа?» 
деген ой келді. Амал жоқ, өзімді Спандияр Көбеев, 
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ілияс Есенберлин, Мұқа-
ғали Мақатаев, Сәбит Дөнентаевтардай елестетіп, 
солардың атынан махаббат тақырыбына, батырлар 
жырына, өмір туралы романдарға ой-пікір жазып, 
эпиграф ретінде қолдана бастадым. Бір күні сынып-
тастарым оны біліп қойып, маған кезекке тұратын 
болды. Сол кезден бастап шырын, чебурек, алма-
алмұрттармен есеп айырысатын болдық.
Оқытушы эпиграфтарды оқығанда қатты қуанды. 
Бізді шығарма үшін емес, «ізденіп» тапқан эпиграф-
тарымыз үшін көбірек мақтайтын. Кейбір жазған 
эпиграфтарымды қайта оқығанда: «Тіпті, астында 
аты-жөні көрсетілген ақын, жазушылардың өздері 
де менен артық жаза алмай ма» деген ойлар да 
келетін.
Біраз уақыт өткен соң тағы бір мәселеге тап 
келдік. Қазақ жазушылары мен ақындарының, акаде-
миктерінің, әдебиеттанушыларының орнына өзімді 
қойып, есімі белгілі, белгілі еместерінің барлығының 
аттарын тізіп шығыппын. Енді не істейміз? Эпи-


Оқырманның қалыптасуы
[ 33 ]
графтарды шексіз ойлап құрастыра беруге бола-
ды, ал олардың авторларының есімдерін қайтеміз? 
Біршама уақыт бойы эпиграфқа тапсырыс беруші 
оқушылардың әкелерінің есімдерін қолдандық. 
Мәселен, Пернебек Зұлымбекұлы. Бірақ, мұнымен де 
мәселенің шешілмейтіні түсінікті. 
Тығырықтан жол табу мақсатында анықтама-
лықтарды ақтарып, әдебиет саласындағы Нобель 
сыйлығының лауреаттары тізімін тауып алдым. 
Сөйтіп, көп ұзамай шетелдік ақын-жазушыларды да 
қазақ әдебиеті туралы сөйлеткіздім. Хосе Эчегарай-и-
Эйсагире
5
, Джозуэ Кардуччи
6
, Грация Деледда
7
, Уильям 
Фолкнер
8
, Иосиф Бродский
9
және тағы басқалары 
мен құрастырған эпиграфтардың авторы атану үшін 
үлкен кезекке тұра бастады. Әлі күнге дейін атта-
ры есімде қалыпты. Сол кездегі Нобель сыйлығы 
лауреаттарының тізімінде жүзге жуық есім бар болған. 
Бір күні оларды да түгендеп бітірдік. 
Енді не істеу керек? Әлгі анықтамалықта басқа 
салалар бойынша лауреаттардың тізімдері де 
бар еді. Келесі кезекте қазақ әдебиеті жайлы бей-
бітшілік саласына тағайындалатын Нобель сый-
лығының лауреаттары сөйлей бастады. Ригоберта 
5
Хосе Эчегарай-и-Эйсагире (1832–1916) – испан драматургі, 
әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері (1904).
6
Джозуэ Кардуччи (1835–1907) – италиялық ақын, әдебиет 
саласындағы Нобель сыйлығының иегері (1906).
7
Грация Деледда (1871–1936) – италиялық жазушы, әдебиет 
саласындағы Нобель сыйлығының иегері (1926).
8
Уильям Фолкнер (1897–1962) – америкалық жазушы, әде-
биет саласындағы Нобель сыйлығының иегері (1949).
9
Иосиф Бродский (1940–1996) – орыс және америкалық ақын, 
эссеист, драматург, аудармашы, әдебиет саласындағы Нобель 
сыйлығының иегері (1987).


[ 34 ]
Бірінші тарау
Менчу
10
, Аун Сан Су Чжи
11
, Оскар Ариас Санчес
12
, бар-
лық құқық қорғаушылар, саясаткерлер, бітімгерлер 
қазақ әдебиеті жөнінде пайымдамалар айта баста-
ды. Ең қызығы, эпиграфтардың астында ашық түр-
де «Аун Сан Су Чжи, мьянмалық құқық қорғаушы», 
«Джордж Маршалл
13
, АҚШ-тың мемлекеттік хатшы-
сы» деп белгілейтін болдым. Осы сынды эпиграф-
тарды көргенде, керісінше оқытушының мақтаулары 
қарша жауатын («Жарайсың, міне, осылай іздену ке-
рек!»), кейбір сыныптастарым менің арқамда тіпті 
бір шығарма үшін бірнеше «бес» деген баға алатын. 
Маразм күшейе түсті, соған қарамастан мақтаулар да 
көбейе берді.
Эпиграфтардың конвейерлік өндірісі менің басқа 
мектепке ауысуыммен тоқтады. Физикадан, химия-
дан, медицинадан Нобель сыйлығының лауреаттары 
атанғандар қазақ әдебиетін талқылауға сол қалпы 
араласа алмай қалды. Өкінішті, әрине. Олардан кейін 
«Оскар» сыйлығын жеңіп алған актерлер да кезекте 
тұр еді.
10
Ригоберта Менчу (1959 ж.) – Гватемаланың байырғы 
тұрғындары – майя тобына кіретін киче халқының өкілі. 
Құқық қорғаушы, Гватемаланың байырғы тұрғындарының 
құқықтары үшін күрескер, бейбітшілік саласындағы Нобель 
сыйлығының иегері (1992).
11
Аун Сан Су Чжи (1945 ж.) – мьянмалық саясаткер, бейбітші-
лік саласындағы Нобель сыйлығының иегері (1991).
12
Оскар Ариас Санчес (1940 ж.) – Коста-Риканың мемлекет 
қайраткері, саясаткер, бейбітшілік саласындағы Нобель 
сыйлығының иегері (1987). 
13
Джордж Маршалл (1880–1959) – АҚШ саяси және әскери 
қайраткері, армия генералы. «Маршалл жоспарының» бастау-
шысы, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері 
(1953).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет