Elmira HAMITOVA 48
Жалпы, диалектизмдер жергілікті жерде ауызша қолданылатындықтан,
жазба әдебиетте оны пайдаланудың қажеті жоқ. Әсіресе, ғылыми, ісқағаздар,
публицистикалық стильдерде қолданылған диалектизм тілді шұбарлайды, тексті
түсініксіз етеді. Ал, көркем әдебиетте диалектизмді қолдануға болады, бірақ өз
орнын, мақсатын түсініп алу керек. Автор өз кейіпкерінің қай аймақта тұратынын,
жас шамасын, білімін көрсету үшін аузына диалектизмді салып, сол арқылы оның
өзіндік ерекшелігін сомдауға әрекет жасайды. Мұндай жағдайда диалектизмнің
қолданылуы орынды болады. Бірақ, автор сөзінде диалектизмнің кездесуі орынды
бола бермейді.
Тек әдеби тілдің баю мүмкіндігіне себебі тиетін, қажет сөздер болмаса,
жалпыхалықтық тілде баламасы бар сөзге үйір болмау керек. Мысалы, М.Әуезов
Жетісу өңіріндегі оқиғаға құрған өзінің «Қилы заманында» мұттайым, сұрау, демегін сияқты сөздерді әдейі қолданған. «Арызым тыңдалмай, ақ-қарамыз
тексерілмей өле беретін болған соң, бізде бір, белгілі мұттайым кісі де бір
болғаны ғой. Ел сұраған ұлығы бұлай десе, қоялық... – Қой, олай демегін... -деп,
ақырын басып қойды» (Әуезов 1979: 214). Мысалда келтірілген мұттайым сөзі –
«қу, бұзық», сұрау сөзі – «билеу, басқару», демегін сөзі – «деме» мағыналарын
білдіріп, кейіпкерлердің аузынан естіліп, сол жергілікті тұрғынның характерін
ашуға себін тигізіп тұр (Айғабылұлы 2013: 53-54).
Осы айтылып, талданып отырған сөздердің бір жүйеге негізделіп, әдеби
тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып
табылатын диалектілер немесе говорларға тән сөздер мен сөз тіркестерін
қамтитын диалектологиялық сөздікке жүгінген дұрыс болар. Диалектологиялық
сөздіктер және оларды құрастыру белгілі бір ғылыми мақсатты көздейді. Белгілі
бір диалектілерге тән сөздерді жинап, олардың сөздігін құрастырудың және
оларды жете білудің тілдің тарихи даму жолдарын, оған тән заңдылықтарды
айқындауда үлкен мәні бар. Ұлт тілінің ішіндегі жергілікті диалектілерге тән
әртүрлі ерекшеліктерді салыстыру тілдің тарихи дамуын танып білуге
көмектеседі. Диалектологиялық сөздікте жергілікті диалектілерге тән сөздер
(диалектизмдер) беріледі де, оның мағынасы әдеби тілдегі сөздермен
(синонимімен) түсіндіріледі. Диалект сөздің мағынасын түсіндіретін, оның әдеби
тілдегі баламасынан кейін құрамында диалект сөзі бар мысал (сөйлем) келтіріледі
(Аханов 2010: 205-206).
Ж.Досқараевтың диалектологиялық сөздік түрінде жазылған жоғарыда
аталған еңбегінен бірнеше мысал:
«Азар 1. Реніш, тынышсыз; сен оған азар берме – сен оған реніш берме, ренжітпеу (Маңғ.). Балам азар болма (балам тынышсыз болма); 2. Қорлық деген
мағынада; сенің былтырғы істеген азарыңды ұмытпаймын (Тар., Жамб. обл.).
Қазіргі қазақ тіліндегі азарда-безер деген қос сөздің бір компоненті ретінде ғана
қолданылады. Сондай-ақ, «ағайынның азары болса да, безеріболмайды» деген
мақалда кездеседі. Мұндағы азар – реніш, өкпе мағынасында. Олешкімге азар бермейді. Татар тілінде азар – азғын, азушаң, аза тұрған деген мағыналарында
қолданылады. Бір жағынан бұл сөз көнеленіп бара жатқан сөздердің қатарына да
жатады».