Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет196/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   244
болға нын түсіну үшін Қазақ КСР ҒА көр некті 7 мүшесі аты-
шулы 58-баптың 2-тармағына жатқызылып, алды – 25, соңы – 
10 жылға бас еркінен айрылып, суық жаққа айдалып кеткенін 
айтсам – жеткілікті болар... – дей келіп, Қаныш Имантайұлы 
ғылым басшылығынан ресми тай ды рыл ған соң академия жүй-
есін жайлаған ауыр халді ашына баяндапты. – Академияның 
есеп-қисабы мен ғы лыми бағытын тексеруші ревизорлар топ-
тана келіп, астан-кестеңімізді шығарды. Әмбе солар жаңа пре-
зидент тарапынан үнемі қолдау көріп отырды. Д.А. Қонаевтың 
республика басшылары мен КСРО Ғылым ака демия сының же-
текшілеріне Қазақ КСР ҒА-сын мүлдем құлдыраған қалпында 
қабылдағанын көрсетуді мақсат еткені мәлім болды. Министр-
лер Кеңесінің қарарымен Геология министр лігінің арнайы брига-
дасы Қ.И. Сәтбаев бас қарған ГҒИ-ды және бір топ Топырақ зерт-
теу институтын ұзақ тексерді. Тексеру қорытындысы дереу 
сот коллегиясында қаралды. Топырақ зерттеу институтының
директоры 1932 жылғы 7 тамызда қа былданған заң бойынша 
10 жылға бас еркінен айырылды... Пре 
зидент 
тің көмекшісі, 
маған дейінгі іс басқарушы, оның орынбасары, бас есепші және 
бірнеше қызметкер – жиыны 8 адам әр түрлі мерзімге соттал-
ды. Неше ай бойы жүрген үздіксіз тексеру мен сот процесінен 
соң академияда адам төз гісіз қиын ахуал қалыптасты. Жаңа 
пре 
зиденті 
міз ғылыми-зерттеу мекемелерін басқару, олардың 
бағыт-бағдарын қадағалау әкім шілік жүйеден мүлдем өзгеше еке-
нін ұзақ уақыт түсіне алмай қойды. Соған қоса өзіне дейін ғылым 
ордасында «пиғылы жат» иә «мал тапқыш» пысықтардың жол-
ды болғаны туралы қауесеттің өріс алуын астыртын түрде 
қолдайтындығы пәс көңілімізді түңілткені де өмір шындығы...»


524
Медеу СӘРСЕКЕ
* * *
1952 жылғы қазан айында билеуші партияның ХІХ құ-
рылтайы шақырылған. Саяси қуғындалғандар оған зор үміт ар-
тып, рухани жылымық күткен-ді. Амал не, күткені болмады. 
Коммунистер құрылтайы, «барлық халықтардың ұлы көсемі» 
атанған И.В. Сталиннің «Социализмге біржола көшер қарсаңда 
КСРО-ның өз ішінде және сыртында таптық күрес күшейе 
түсіп, қоғамның идеологиялық жауларының қарсылығы барын-
ша өршеленеді...» деген теориялық жаңа қағидасын саяси бағыт 
етіп қабылдады. Соған орай буржуазиялық-ұлтшылдыққа 
шалынғандар тобын біржола құрту шаралары бұрынғыдан да 
күшейе түскен. 
Бұл жолы нысанаға ұлт қайраткерлерінің ең көр нектісі, әдеби 
еңбектері Одаққа ғана емес, шетелге де кеңінен мәлім (сол қар-
саңда 22 тілге аударылған) аяусыз сыналса да, ғылыми әріптестері 
ұшыраған жойқын дүрмектен тысқары қалып келген, бұрынғы да, 
қазіргі де әрекет-пиғылымен «Бас ұлтшыл» әрі «Жас қазақтардың 
рухани көсемі» атанған Мұхтар Омарханұлы Әуезов іліккен-ді. 
Орталық Комитеттің кәнігі идеологтары (Былтырғы науқанда 
орнынан босаған көңіл 
шек І. Омаровты тегеуріні мық 
тырақ 
қайраткер дақпыртына ие Мұхамеджан Сужиков ауыстырған) бұл 
жолы тыңғылықты әзірлік жасаған. Анығында жаңа науқанға 
мұрындық болмақ мақаланы орысшаға аудартып, әлеуметтік 
мән-бағытын тереңдетіп, өткірлігін ұштап сан мәрте түзеттірген. 
Тіпті соны қайда, қай уақытта жариялау жөнін де өзара кеңесіп, 
ақырында өздері нұсқаған. 
«...ХХІ съезд призвал, неустанно развертывая критику и са-
мокритику, вести непримиримую борьбу со всякого рода полити-
ческими ошибками и извращениями, с протаскиванием чуждых 
взглядов в советскую науку» деген сау кісіні ауыру еткендей аяу-
сыз сөздермен әрі «Абай мұрасын зерттеудегі буржазиялық-
ұлтшылдық бұрмалаушылықты түбірімен құрталық» деп атал-
ған филология ғылымының кандидаты Сәбит Нұрышевтың сыны 
«Қа зақ КСР ҒА Хабаршысы» журналының (редакция алқасы-
ның төрағасы Д.А. Қо 
наев, бас редакторы Н.Т. Сауранбаев) 
1953 жылғы 4-санында жарық көрген.
Тіл және әдебиет институтының сол кездегі аядай тар кеңсесінен алып 
тұлғалы Мұхаң мен бойы бәкене, кішкентай Сәбитке пайдалануға ортақ бір 


525
ШЫҒАРМАЛАРЫ
үстел тиіпті. Көбіне соны жұмысқа жұрттың алдымен келетін Нұрышев ием-
денген сияқты. Институт қызметкерлері бұл жайында: «Кіші Сәбиттің (үлкен 
деп Сәбит Мұқановты атаған) күні-түні арманы – Мұхаңның үстелін дербес 
иемдену!..» десіп әзіл айтады білем. Астарында, әрине, батпандай зілі бар 
әжуа... 
Демеушілері республика мен ҒА басшылары болып, не 
десең де саған жол ашық деп отырған соң, Кіші Сәбит аянған 
жоқ: Абайдың күллі ғұмыр жолын, әдеби мұрасын халықтық 
деп жариялады да, ақынның ұлылығын, кемеңгерлігін, асқан 
шеберлігін әлемге паш еткен Әуезов оның алып тұлғасын өзінің 
ұлтшылдық пиғылымен былғап, ой-түйсігін қасақана бұр малап 
тү сіндірген-міс; тоқетерін айтқанда, академик қаламгердің абай-
тану іліміндегі қыруар еңбегі тү гелдей залалды, іске ал ғысыз боп 
әрі ұлт шылдық сарында жазылғандығы «әш кере ленген».
Әңгіме сөйтіп насырға шапты. Республикалық, облыстық га-
зеттер қазақтың маңдайына біткен заңғар қаламгерін ғайбаттап, 
«ұлтшыл» етіп жариялау үшін күллі шығармаларын қайыра 
сүзген сын мақалаларды жауын құртындай қаптатып, «халық 
пікірін» дайындай бастады...
Не істеу керек? Қайда, кімге барып әділет іздейді?..
Осы сауал қаламгерді күні-түні шырмап, әсіресе университет-
тегі жұмысынан аласталған соң (көрнекті филолог Бейсембай 
Кенжебаев екеуі наурыз айында, бір күнде шығарылған) ойы-
нан кетпей, ұйқысын бұза берген. Жаз шыға жазушыны қара-
лаушылар қатары көбейіп қана қойған жоқ, жөткірлене түсті. 
Әдебиет институтындағы ортақ үстелін де Кіші Сәбитке біржола 
беруге тура келді. Бұдан әрі алды-артына қарайлап, тағдырдың 
жазғанын көрдім деп, өзіне жауыққан қауымнан жақсылық күтіп 
әрекетсіз отыруға төзімі жетпеді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет